Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды": Тоқаев мемлекеттік бюджет туралы айтты

Опубликовано:

Ақша санап жатқан адам
Ақша санап жатқан адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы бюджет қаржысын оңды-солды жұмсауға болмайтынын тағы да еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым Жомарт Тоқаев бюджет қаржысын үнемдеу мәселесін үкімет басты назарда ұстауы керек екенін атап өтті.

"Тағы бір мәселе – бюджет қаржысын үнемдеу. Үкімет бұл мәселені әрдайым басты назарда ұстауға тиіс. Қазір бюджеттің кірісі мен шығысы қайта қаралып жатыр. Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды, бұл – ақиқат.

Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Тағы да қайталап айтамын. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 15 наурызда Атырауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті.

Онда президент басқа да мәселелермен қатар, Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып жүргенін тілге тиек етті. Ол мемлекеттік нышанға қатысты ортақ келісімге келгеннен кейін Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2069133-qarzyny-ondy-soldy-zumsauga-bolmaidy-toqaev-memlekettik-byudzet-turaly-aitty/

pixel