Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды (фото)
Жарияланған күні:
Атырауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, ойларын бөлісіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына қатысатынын жазған едік.
Еске салсақ, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы 2023 жылғы 17 маусымда Түркістанда өткен еді.
"Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған", - деген еді президент сол жолы.
Ал құрылтайдың бірінші отырысы 2022 жылғы 16 маусымда жаңа құрылған Ұлытау облысында өткен еді.
14 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық құрылтайды құру туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтай құрамының тізімі мен құрылтайдың ережелері Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2068956-atyrauda-ulttyq-quryltaidyn-usinsi-otyrysy-bastaldy/