Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 доллар – қатып қалған сома емес": Қаржы министрі Ұлттық қордан түсетін төлемдер туралы айтты

Опубликовано:

Мәди Тәкиев
Мәди Тәкиев. Фото: primeminister.kz

Бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев Ұлттық қордан қазақстандық балаларға түсетін төлемдер мөлшерін қайта қарау мәселесіне тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев биылдан бастап Ұлттық қор кірісінің жарты бөлігі 18 жасқа дейінгі балаларға үлестіріле бастағанын еске салды.

"Биыл алғашқы қадам жасадық деуге болады. 6,9 миллион баланың әрқайсына 100,52 АҚШ доллары аударылды, өйткені Ұлттық қордың кірісі 1,3 миллиард долларға тең болды. Бұл соманың жартысы, яғни 695 миллион доллары қайта үлестірілді.

2024 жылы 304 815 бала 18-ге толады, оларға 1 наурызға дейін 30 миллион 640 мың доллар қаражат түскен. Балалар бұл ақшаны алып алды. 100 доллар, бірақ бұл – тек алғашқы төлемдер", - деді ол.

Оның айтуынша, балаларға Ұлттық қор есебінен аударылатын қаражат мөлшері Ұлттық қордың кірісіне сай пропорционалды түрде арта бермек.

"Оны (ред. - Ұлттық қор кірісі) 100 миллиард долларға жеткізу туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Егер 100 миллиардқа жетсе, пайыз көлемі әлдеқайда аз болады. Бүгінде әзірге кіріс – 60 миллиард доллар. Жоқ, 100 доллар және 52 цент – қатып қалған сома емес екендігі сөзсіз. Ең жоғары мөлшері қандай болатынын тап қазір дөп басып айта алмаймын, мен көріпкел емеспін. Бірақ бұл сома артады деп үміттенеміз. Арта түсетінін білеміз", - деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қазақстандық балаларға ақша түсе бастады. Елдегі әр баланың шотына 100,52 долларға тең сомада (Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 45 050 теңге) қаражат түсті.

Артынша қаржы вице-министрі неліктен балаларға Ұлттық қордан 170 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2070861-100-dollar-qatyp-qalgan-soma-emes-qarzy-ministri-ulttyq-qordan-tusetin-tolemder-turaly-aitty/

pixel