Жылқының немесе басқа жануардың қатысуымен болған жол апаты үшін кім жауапты
Жарияланған күні:
Республикалық маңызы бар тасжолдарда өз бетімен жайылып жүрген, қараусыз қалған малдың кесірінен жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Бұны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің статистикасы айғақтайды.
Мысалы, 27 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жыл басынан бері 3713 ЖКО болған, бұл ретте 30 жағдайда жануарды қағып кету себеп болған. Өткен жылдың алғашқы үш айында 2321 ЖКО тіркелді, оның 18-і жануарлардың қатысуымен болған. Осылайша, ресми мәліметтер бойынша өсім 50% - дан асты.
Алайда бұл статистикаға адамдардың өмірі мен денсаулығы зардап шеккен ЖКО ғана есепке алынатынын ескеру қажет, яғни іс жүзінде мал мен жануарлардың қатысуымен болған ЖКО әлдеқайда көп.
Көлік құралының жүргізушілерінің бірі кінәлі болатын ЖКО-да зардап шеккен тараптың мүдделері міндетті автосақтандыру полисімен (КҚИ АҚЖОМС) қорғалған. Егер кінәлі тұлғада мұндай полис болмаса, ең болмағанда сот арқылы талап қоюға болады. Бірақ апаттың себебі адам емес, жануар – жылқы, сиыр немесе тіпті түйе болса ше, не істеуге болады?
"Евразия" сақтандыру компаниясы өкілдері жақында Алматы облысындағы Шонжы ауылының жанындағы танымал курорт ауданында жылқының қатысуымен болған әдеттегі ЖКО туралы айтты. Қараңғыда өз бетімен жайылып, қараусыз қалған жылқы жолдың жүріс бөлігіне шығып, жақында автосалоннан сатып алынған Changan Uni-К көлігінің астына түскен. Түнде жылдамдықпен келе жатқан жүргізушінің соңғы сәтке дейін көрінбей, кенеттен жолға шыққан жылқыны қағып кетуді болдырмайтындай мүмкіндігі болмаған.
Соқтығысу салдарынан жылқы өліп кеткен, сонымен қатар көліктің бүкіл алдыңғы бөлігі айтарлықтай зақымданған. Полиция қызметкерлері жылқының иесін, демек, материалдық залалды өтеу бойынша жауапкершілік жүктелетін тұлғаны анықтай алмаған, бұл мұндай жол-көлік апаттарында жиі кездесетін жағдай. Егер жабайы жануарлармен болатын жағдай секілді, малдың иесі анықталмаса, көлік құралын иесі өз есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болады, бірақ бұл жолы емес.
Changan Uni-К автокөлігі сатып алғаннан кейін иесі "Евразия" СК SmartCASCO бағдарламасы бойынша сақтандырылған, компания фирмалық автосервистегі залалды бағалағаннан кейін 10,7 млн теңге көлемінде төлемді жүзеге асырды.
Егер автокөлік "Мал айдау орны" белгісінің шегінде үй жануарларын қағып кетсе, онда кінә жүргізушіге жүктеледі. Белгінің қолданылу шегінен тыс немесе ол болмаған кезде жауапкершілік мал иесіне жүктеледі. Тек КАСКО полисі осындай кездейсоқ жол-көлік апаттарында да автомобиль иесінің қаржылық мүдделерін қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, КАСКО полисі жүргізушінің кінәлілік дәрежесіне қарамастан, апат болған жағдайда автокөлікті кез келген зақымданудан, табиғи апаттардың (жер сілкінісі, дауыл, өрт, су тасқыны) зардаптарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғайды.
SmartCasco бағдарламасы бойынша полисті eurasia36.kz сайтында онлайн немесе "Евразия" СК кеңселерінде 50% жеңілдікпен рәсімдеуге, шарттарды таңдауға және құнын есептеуге болады. 11 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
Өткен жылы Маңғыстау облысындағы тасжолда ЖКО болуына түйе себеп болған. Жыл басында Жетісу облысында жылқы табыны да ЖКО тіркелуіне себеп болған, малдың иесін анықтау мүмкін болмаған.
* 26.12.2022 ж. № 2.1.20 АРРФР Лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2075217-zylqynyn-nemese-basqa-zanuardyn-qatysuymen-bolgan-zol-apaty-usin-kim-zauapty/