Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір 7 пайыздық жеңілдетілген ипотека қашан іске қосылады

Опубликовано:

Ипотека
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотеканы іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Ол бағдарлама осы жылдың сәуір айының аяғында немесе мамырдың басында басталады деп күтіліп отыр. Жаңа бағдарламаның шарттары жөніндегі толық ақпаратты KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

15 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Отау" бағдарламасына қосымша халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған несие өсімі 7 пайыздан аспайтын тағы бір жеңілдетілген ипотеканы іске қосу қажет екенін айтып, үкіметке тапсырма берді.

Бұған дейін біз жаңа тұрғын үй бағдарламасына жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алатынын жазған едік.

Бұл ретте "Крыша" порталының жазуынша, азаматтардың әртүрлі санаты үшін тариф әртүрлі болады.

Сонымен 7 пайыздық тұрғын үй несиесін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары ғана ала алады: көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және басқа да азаматтар. Бұдан басқа азаматтар үшін мөлшерлеме 9 пайыз болады.

Жаңа ипотекалық бағдарлама осы жылдың сәуір айының соңында немесе мамыр айының басында іске қосылады деп күтілуде. Әзірге нақты қай күні басталатыны белгісіз.

Есесіне Алматы мен Астанадан баспана сатып алу үшін 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болатыны айтылған. Қалған өңірлер үшін несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін болмақ.

Мегаполистер мен облыс орталықтарында бастапқы баспана ғана беріледі, ал басқа елді мекендерде ешқандай шектеулер жоқ – тіпті жеке үйлерге де рұқсат берілген. Осылайша, ипотека тек моноқалалар үшін ғана емес, Қазақстанның барлық елдімекендері үшін есептелетін болады.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда "Отау" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Оны "Отбасы Банкінің" 1 миллион теңгеден кем емес сомамен 18 ай бұрын депозит ашқан салымшылары пайдалана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2070561-qazaqstanda-tagy-bir-7-paiyzdyq-zenildetilgen-ipoteka-qasan-iske-qosylady/

pixel