Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кіріс пен мүлік декларациясын тапсыру жеңілдетілді

Опубликовано:

Қағаз бен қалам
Көрнекі фото: piqsels.com

Кірістер мен мүлік туралы декларацияда енді кейбір кірістерді, Қазақстандағы мүлікті сатып алу-сату туралы ақпаратты, сондай-ақ шығыс көздерін көрсету қажет емес. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Қазіргі уақытта елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі өтуде, оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет қатысуда.

2024 жылы олар 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есеп беруді ұсынуы керек. Ал келесі жылдары жүйеге кірген барлық қазақстандық жыл сайын активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерді тіркейтін 270-нысандағы кіріс пен мүлік туралы декларацияны толтыруы қажет.

Қазақстанда дәл осы 270-нысанды жеңілдетті. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, енді төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсету қажет емес. Атап айтқанда, бұл жалақы, зейнетақы төлемдері, шәкіртақылар, депозиттер бойынша сыйақылар және басқа да кіріс түрлері.

Сондай-ақ декларацияда Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу, иеліктен шығару немесе тегін алу туралы мәліметтерді көрсетудің қажеті жоқ.

Қарапайым азаматтарға да 270-декларацияда мүлікті сатып алу шығындарын жабу көздері туралы ақпаратты көрсету қажет емес. Енді мұны келесі санаттар ғана орындауы керек:

мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;

  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары.

Яғни енді қандай да бір затты сатып алуға ақшаның қайдан келгенін шенеуніктер ғана нақтылауы керек.

Айта кетейік, қазіргі уақытта тек кірістер мен мүлік туралы декларацияны ресімдеу ережелеріне өзгерістер енгізілуде. Олар бекітілгеннен кейін жаңа нысан мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде пайда болады.

Дегенмен декларацияға қатысушы түзетулердің күшіне енуін күтпей, декларацияны ағымдағы нысанда ұсынуына болады. Декларация нысанын жаңартқаннан кейін оны қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар неліктен барлық құнды заттарын жария ету керектігі туралы айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2085626-qazaqstanda-kiris-pen-mulik-deklaraciyasyn-tapsyru-zenildetildi/

pixel