Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автодайджест №14: жаңа Opel, жаңартылған Audi және басқа да жаңалықтар

Опубликовано:

Қойлар жолдың жүріс бөлігін кесіп өтеді
Көрнекі фото: depositphotos.com

"Евразия" сақтандыру компаниясы автокөлік саласындағы соңғы жаңалықтарды тізбектеп шықты. Атап айтқанда, Opel Crossland мұрагерін таныстырса, Қазақстанда тағы бір автомобиль жиналатын болады.

Opel Crossland мұрагерін таныстырды

Stellantis автоконцерніне кіретін неміс маркасы қайта жанданған Frontera кроссоверінің құпиясын ашты.

Жаңа Opel-дің сыртқы түрі қазіргі Vizor фирмалық стилінде жасалған. Алайда басқа модельдерден айырмашылығы Frontera барынша бұрыштық пішінді иеленеді. Сондай-ақ Р-тәрізді артқы оптика екі бөлінгенін байқауға болады.

"Өткірлік" кроссовер интерьерінде де байқалады. Ол төртбұрышты пішінімен екі 10-дюймдік дисплейі бар бірыңғай блокты иеленеді: біреуі – виртуалды құралдарға арналған, екіншісі – медиажүйеге арналған. Салонда сондай-ақ экологиялық әрлеу мен ерекше эргономиялық шешімдер қолданылған. Әзірге жабдықталуы туралы ақпарат жоқ.

Техникалық сипаттамалар да жасырылған. Жүк салғышының көлемі 460 л, ал екінші қатардың жиналған арқалығы кезінде – 1 600 л екені ғана белгілі. Frontera электромобиль ретінде немесе 48-вольттық гибрид ретінде ұсынылатын болады.

Opel Frontera шығарылымының нақты басталу күні әлі жарияланған жоқ. Бұл жыл соңына дейін болады деп күтілуде.

Opel Crossland Қазақстанда ресми түрде ұсынылғанын айта кеткен жөн. Біздің жолдарда Frontera да пайда болуы ғажап емес.

Қазақстанда тағы бір автомобиль жиналатын болады

Hyundai-дың модельдік қатары тағы бір минивэнмен толығады. 7 орындық Custo туралы сөз болып отыр.

Автомобиль Staria және Carnival сияқты "арбада" жасалқан. Алайда Custo-ның ұзындығы 4 950 мм құрайды, бұл сәйкесінше 300 мм және 200 мм-ге қысқа.

Custo күштік қондырғысымен де ерекшеленеді. Қазақстанда минивэнді жалғыз қозғалтқышпен ұсынады –бұл қуаты 170 а.к. болатын 1,5-литрлік "турботөрттік". Онымен жұптасып баламасыз 8-сатылы "автомат" жұмыс істейді. Жетегі тек алдыңғы.

Hyundai-ды жинау Алматыдағы зауытта жолға қойылатын болады. Сонымен бірге, модель бізде Custo емес, Custin деп аталатын болады. Минивэн туралы басқа ақпарат әзірге жоқ.

Ірі қара мал бірқатар ЖКО туындауына себепші болды

Жол полициясы жүргізушілерді жолдарда сақ болуға шақырады, өйткені үй жануарларын жаю маусымы басталады және, демек, олармен байланысты апаттар қаупі де артады.

Егер соқтығысу "Ірі қара малды айдап өту" белгісінің аймағында орын алса, ЖКО-на кінәлі – жүргізуші, ал ол белгіден тыс жерде немесе ол болмаған кезде орын алса – малдың иесі болып табылатынын естеріңізге саламыз. Алайда, соңғысын әлі анықтау қажет.

Мысалы, Екатеринбург-Алматы тас жолының 127 км-де жылқылардың қатысуымен ЖКО-на ұшыраған Lexus RХ450 көлігінің жүргізушісінің "жолы болды" - тәртіп сақшылары малшыны бірден анықтады. Оған қатысты ауыл шауаршылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамата толтырылды. Одан ары одан автомобильге кеткен жөндеу шығындарын өндіріп алуға болады.

Алматы-Өскемен 203 км-де қаңғып жүрген малмен соқтығысан Hyundai Accent көлігінің иесінің жолы болмады – жануарлардың иесі табылмады.

Алайда малдың иесін анықтау кінәлі адамнан ақша қажаттарын қажетті көлемде алуға кепілдік бермейді. Тек КАСКО полисі ғана осында ЖКО кезінде автомобиль иесінің қаржылық мүдделерін қорғайды.

eurasia36.kz сайтында немесе "Евразия" СК кеңселерінде полисті 50% жеңілдікпен SmartCasco бағдарламасы бойынша ресімдеуге, шарттарын таңдауға және құнын есептеуге болады. 11 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге болады.

4Runner буынын өзгертті

Жапондық автоөндіруші Toyota жаңа буын жол талғамайтын көліктерінің толығымен құпиясын ашты.

4Runner өзінің рамалық конструкциясын сақтап қалды, бірақ Sequoia және Tacoma пайдаланған TNGA-F "арбасына" ауысады. Экстерьер және интерьер дизайны бойынша соңғы жол талғамайтын көлікке ұқсас.

Toyotaның күштік агрегаттары толығымен жаңа: атмосфералық моторлар қалған жоқ. Көлемі 2,4 л болатын бензиндік 281-күштік "турботөрттік" негізгіге айналды. Бір саты жоғары сол қозғалтқыштық негізінде жасалған гибрид орналасқан, бірақ беріліс қорабына кіріктірілген 48-күштік электр моторы бар. Соңғысы, айтпақшы, баламасыз 8-сатылы "автомат". Жетек – артқы немесе толық. Сонымен қатар, алдыңғы ось пен төмендетуші берілістің қатаң қосылымы бар, немесе осьаралық дифференциалдың тұрақты мәжбүрлі бұғатамасымен .

Жаңа 4Runner тоғыз жинақталымда қолжетімді болады. Жабдықтардың тізімінде Safety Sense 3.0 қауіпсіздік жүйесінің кешені, сонымен қатар жабыны мен Crawl Control круизіне байланысты режімдерді таңдау жүйесі кіреді.

АҚШ-та Toyota 4Runner дилерлерде алдағы күзде пайда болады. Біздің нарықта жол талғамайтын көлік ешқашан ресми түрде сатылған жоқ, өйткені оның баламасы - Land Cruiser Prado ұсынылған болатын.

"Зарядталған" A3 нұсқасы рестайлингті басынан кешірді

Audi компаниясы жаңартылған S3 ұсынды. Техникалық бөлімі негізгі өзгерістерге ұшырады.

Қозғалтқыш S3-те бұрынғысынша қалды – бұл 2,0-литрлік турбомотор. Алайда оның берілісі 23 "жылқыға" ұлғайтылды және енді 333 а.к. құрайды. 7-сатылы "автомат" рестайлингке дейінгі нұсқадан ауыстырылды. Бірақ ол да өзгерістерге ұшырады, және енді тезірек іске қосуды және берілістерді жылдам ауыстыруды қамтамасыз етеді. Ал толық жетек жүйесі жаңа, бұрын тек RS3-те ғана қолданылған Torque Splitter технологиясымен.

А3-тің "спорттық" нұсқасы қатаң рычагтармен және мойынтіректермен, 15 мм төмендетілген аспамен, жаңа тежеу ​​жүйесімен және электронды тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Бейімделетін амортизаторлар қосымша ақыға қол жетімді.

S3-тің экстерьері мен интерьеріндегі өзгерістер Audi-дің әдеттегі нұсқасымен бірдей, бірақ спорттық сипатын ескере отырып, алдыңғы жағынан ірі ауа тартқыштары бар және артқы жағынан диффузоры бар өзге де бамперлерге, төрт құбырлы шығару жүйесіне, 18- немесе 19-дюймдік дискілерге, сонымен бірге күшейтілген бүйірлік тірегі және қызыл ішкі жарықтандыруы бар орындықтарға сәйкес келеді.

Еуропада рестайлингті Audi S3 сатылымы жақын айларда басталады. Қазақстанда тек модельдің азаматтық нұсқасы ғана сатылады. Алайда, зарядталған нұсқасы да пайда болатыны ғажап емес.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2086595-avtodaidzest-14-zana-opel-zanartylgan-audi-zane-basqa-da-zanalyqtar/

pixel