Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы қай салада орташа жалақы миллион теңгеден асады

Опубликовано:

Ақша ұстаған ер адам
Ақша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда орташа жалақы 382 279 теңге. Алайда кейбір саланың мамандары орташа есеппен 1 ​​миллион теңгеден астам жалақы алады. Мысалы, қаржыгерлер мен мұнайшылар. Олардың табысы туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

2024 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы 382 279 теңге болды. Әрине, азаматтардың барлығы бірдей мұндай жалақы алмайды. Қорытынды сома елдің аймағына, сондай-ақ қызметкердің мамандығына байланысты.

Мәселен, балық және балық шаруашылығы саласында орташа жалақы небәрі 134 621 теңгені құраса, жалпы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 212 300 теңге шамасында.

Дегенмен Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейбір мамандар елдегі орташа деңгейден айтарлықтай көп жалақы алады.

Мысалы, тау-кен және карьерлерді қазу салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге орташа есеппен 864 029 теңге жалақы төленеді. Алайда бұл рекорд емес. "Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ілеспе қызметтер" саласының мамандары әлдеқайда көп алады – орташа есеппен 938 377 теңге.

Миллионер мамандықтар

Бұдан да "бай" мамандықтарды табуға болады. Кеншілер мен айти қызметкерлеріне қарағанда, "Теңіз және жағалаудағы жүк көлігінің қызметі" саласындағылардың орташа жалақысы айына шамамен 1 028 881 теңге. Айта кетейік, ол орташа жалақысы 510 648 теңге болатын "Көлік және қоймалау" санатына кіреді.

"Миллионерлер" тізімінде "Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру " саласындағы" орташа жалақы 1 102 220 теңге болды.

Осыған ұқсас жағдай басқа "миллионер салаларда" байқалады. Мысалы, "Қаржылық қызметтер және сақтандыру саласындағы қосалқы қызметте "орташа жалақы 1 213 112 теңгені, ал "Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыруда" 1 372 158 теңге.

Бұл екі сала да "қаржылық және сақтандыру қызметі" санатына кіреді, мұнда орташа жалақы 780 876 теңгеге тең.

"Шикі мұнай және табиғи газ өндіру" саласында орта есеппен 1 476 869 теңгеден төленеді, ал жалпы "Өнеркәсіп" санатында орташа жалақы 546 968 теңгені ғана құрайды.

Алайда жалақы мөлшері бойынша сөзсіз көшбасшы "Темекі өнімдерін өндіру" саласы болды, онда орташа есеппен 1 646 590 теңге төленеді. Бұл "Өңдеу өнеркәсібі" санатындағы жалпы орташа жалақыдан 3,6 есеге көп (айына 450 501 теңге).

Осылайша, Қазақстанда үлкен жалақы тек ресурстарды өндіру саласында ғана берілмейді. Дегенмен орташа номиналды жалақы әрбір қазақстандық алатын нақты соманы көрсетпейтінін есте ұстаған жөн. Бұл жалақысы ең жоғары салаларға да қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2100974-qazaqstandagy-qai-salada-ortasha-zhalaqy-million-tenggeden-asady/