Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттің көмегімен қанша қазақстандық жұмысқа орналасты

Жарияланған күні:

Еңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Олардың көмегімен 1 мамырдағы жағдай бойынша 154,2 мың адам жұмысқа орналасты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Көптеген қазақстандық жұмыс іздеу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Әсіресе зейнет жасындағы адамдар мен жастар қиын жағдайға тап болады. Біріншілері зейнетке шығатынына байланысты жұмысқа алғылары келмейді, ал екіншілерін – тәжірибе жоқтығынан.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 453 мыңға жуық жұмыссыз азамат бар, ал елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз.

Дегенмен ел бұл проблемамен белсенді түрде күресіп жатыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 195,9 мың қазақстандық жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Бұл ретте 154,2 мың адам жұмысқа орналасса, оның 50,3 мыңы тұрақты жұмыс орындарын тапты. Атап айтқанда, қазақстандықтар келесі мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары болды:

  • субсидияланатын жұмыс орындары – 103,9 мың адам;
  • әлеуметтік жұмыс орындары – 9,5 мың адам;
  • жастар тағ– 6,3 мың адам;
  • қоғамдық жұмыстар – 72,9 мың адам;
  • "Бірінші жұмыс орны" жобасы – 3,4 мың адам;
  • "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы – 90 адам
  • "Күміс жас" жобасы – 11,8 мың адам.

Сондай-ақ 1 мамырдағы жағдай бойынша "Бастау Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 21,6 мыңға жуық адам қабылданды. Сондай-ақ 13,1 мың адам курсты аяқтап, сертификат алды.

Болашақта олар гранттық байқауға қатысып, өз ісін ашу үшін 1,5 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтарымсыз ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай мақсатта қазақстандықтардың мемлекеттен 2,5 пайызбен жалпы сомасы 5 миллион теңгеге дейін шағын несие алуына болады.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 73,4 мыңға жуық адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2102582-memleketting-komegimen-qansha-qazaqstandyq-zhumysqa-ornalasty/