Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

S&P "BBB" деңгейінде "Евразия" сақтандыру компаниясының рейтингін растады

Жарияланған күні:

"Евразия" СК
Фото: "Евразия" СК

2024 жылғы 24 маусымда Standard & Poor's халықаралық агенттігі "Евразия" сақтандыру компаниясының BBB деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін, "Тұрақты" болжамын растады. Талдаушылардың пікірінше, компания Қазақстанның тәуелсіз стресс-тестінің ең қатал гипотетикалық сценарийлерінде де ең тұрақты сақтандыру компанияларының бірі болып қала береді.

"Евразия" СК Standard & Poor's агенттігінің шкаласы бойынша ТМД елдеріндегі сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары кредиттік рейтингті иеленеді, оның ішінде ол Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір саты жоғары көтереді. Компанияның ұлттық шкала бойынша кредиттік рейтингі kzAAA деңгейінде сақталды.

"Талдаушылардың пікірінше, күшті операциялық және қаржылық көрсеткіштер, тәуекелдердің жоғары капиталдануы мен әртараптандырылуы, сондай-ақ "Евразия" СК төлем қабілеттілігінің жоғары деңгейі Қазақстанның сақтандыру саласының ең сенімді компаниясы болып ұзақ жылдар бойы қалуына мүмкіндік береді. Біздің стратегиямыз бірінші кезекте біздің клиенттеріміз бен әріптестеріміз үшін сапалы сақтандыруды қамтамасыз ету үшін пайдалы андеррайтингтік және инвестициялық нәтижелерді одан әрі нығайтуға бағытталған", - деп "Евразия" СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев агенттіктің шешіміне түсінік берді.

ҚР Ұлттық банкінің жедел есептілігінің деректері бойынша, компания активтері алғаш рет жарты триллион теңгеден асты. "Евразия" СК үлесіне жалпы сақтандыру компаниялары арасындағы барлық активтердің 39 пайызға жуығы тиесілі. Алғашқы бес айдың ішінде компания 80 млрд теңгеден астам сақтандыру сыйлықақысын жинап, 23,8 млрд теңге мөлшерінде төлемдерді іске асырды. Халықаралық қайта сақтандыру шарттары бойынша "Евразия" СК 34 млрд теңгенің сыйлықақысын қабылдады, бейрезиденттерден сыйлықақыны жинау үлесі бүкіл нарықтың 70 пайызына тең болды.

"Евразия" СК реттеуші капиталды өсіруді жалғастыруда, ол 261 млрд теңгеге немесе нарық үлесінің 38 пайызына жетті. Меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жоғары көрсеткіштері "Евразия" СК-на Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі ірі қайта сақтандыру компаниясы болып қалуға мүмкіндік береді.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2124063-s-p-bbb-denggeiinde-evraziia-saqtandyru-kompaniiasynyng-reitingin-rastady/