Былтыр Қазақстанда 90 мыңдай жол апаты болған
Жарияланған күні:
Сақтандыру компанияларының шоғырландырылған деректері бойынша 2023 жылы жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) зардап шеккен мүлік иелерінің пайдасына міндетті автосақтандыру шарттары (КҚИ АҚЖМС) бойынша 92 925 төлем жүргізілді, оның 87 610-ы әртүрлі кластағы көлік құралдары иелерінің пайдасына жүргізілді. Бұл туралы "Евразия" СК баспасөз қызметі компания талдаушыларының деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Төлемдердің ең көп саны Астанада тіркелген көлік құралдарына төленді – 15 472, екінші орынды 14 684 төлеммен Алматы қаласы алады. Алматы облысы ЖКО-да зардап шеккен автокөліктердің саны бойынша көшбасшылар үштігін жабады – 8 963 төлем.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда барлығы 15 886 ЖКО болған, оның 1 984-і өліммен аяқталды. Бұл ретте, комитеттің дерегі азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген ЖКО ескереді. 2023 жылы ЖКО-да барлығы 2 543 адам қаза тауып, 19 554 зардап шеккендер түрлі дәрежедегі жарақат алған.
"Әрбір оныншы ЖКО-да зардап шеккендер екі немесе одан да көп көлік құралдары болып табылады, осыған сәйкес бір апатқа бірнеше төлем болуы мүмкін. Алайда сақтандыру компанияларының статистикасы өткен жылы жүргізушілер жасаған 6 мыңнан астам жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларын есепке алмайды. Осылайша, біздің бағалауымыз бойынша, Қазақстанда өткен жылы кемінде 90 мыңдай ЖКО болған", - деп мәлімдейді "Евразия" СК талдаушылары.
Қазақстанда тіркелген көлік құралдарына сақтандыру төлемдерінің арақатынасы 1,64% құрады. Тіркелген көлік құралдарына төлемдердің ең үлкен арақатынасын Астана мен Алматы қалалары көрсетті – тиісінше 4% және 2,4%. Салыстырмалы түрде Қостанай облысы үшінші орында – 2,1%-дан астам. ЖКО-ның басым санына, әдетте, екі көлік қатысатынын ескерсек, өткен жылы ЖКО-да еліміздің тіркелген автопаркінің кемінде 3%-ы зардап шекті: Астанада – 8%, Алматыда – 4,7%, Шымкентте – 4%-дан астам.
"Сақтандыру компанияларының деректері еліміздің жолдарындағы апаттылықтың неғұрлым объективті статистикасын көрсетеді. Бұл ретте ЖКО болған кезде жүргізушілердің кейбірінің қолында міндетті автосақтандыру полисінің болмайтынын, сондай-ақ жүргізушілердің арасында оқиға туралы полицияға және сақтандыру компанияларына хабарламай, ЖКО-ны сол жерде реттеуді жөн көретінін ескеру қажет. Мопедтер мен басқа да жеке мобильді құралдардың жүргізушілерінде міндетті автосақтандыру полистері болмайды, кінәлі болған жағдайда сақтандыру нарығының статистикасына кіргізілмейді", – деп қорытындылайды "Евразия" СК.
93 мыңға жуық сақтандыру төлемінің негізгі бөлігі жеңіл автомобильдердің иелеріне тиесілі болды, атап айтқанда 79 167, жүк көліктерінің иелері 5 364 төлем алды. Тағы 5315 төлем қоршаулар, жол қоршаулары, тіректер, сондай-ақ қала маңындағы жолдарда жиі өлетін мал сияқты жылжымайтын мүлік иелеріне тән.
*Сақтандыру компанияларының деректері 2023 қаржы жылында жүзеге асырылған төлемдерді қамтиды. Сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы күнінен кешіктіріліп, орташа мерзімі екі ай болатындықтан, статистикаға 2022 жылдың соңында болған ЖКО-ның бір бөлігі кіреді. Бұл ретте 2023 жылдың соңындағы ЖКО-ның салыстырмалы саны 2024 жылғы статистикаға кіреді.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2131065-byltyr-qazaqstanda-90-myngdai-zhol-apaty-bolgan/