"Евразия" СК жедел жәрдем көлігі мен жылқының қатысуымен болған ЖКО кейін 5,7 млн теңге төледі
Жарияланған күні:
Жедел медициналық жәрдем көлігі шақыруды орындау кезінде кенеттен жолға шыққан жылқыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысының Панфилов ауданында, Алматы – Қорғас тасжолының 316-шақырымында болды, деп хабарлайды "Евразия" Сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем жүргізушісі әрекет етіп үлгермей, жылқыны қағып кеткен, оның үстіне оқиға түнгі уақытта, сағат 21.00 шамасында болған. Жолаушылар мен көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, жылқы апат орнында жазым болған.
Жол-көлік апаты барысында зақымданған JAC Sunray санитарлық автокөлігі "Евразия" СК КАСКО ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған. Облыстық жедел жәрдем станциясы 5,7 млн теңгеден астам сақтандыру төлемін алды.
Жолдың осы учаскесінде жол қозғалысына қатысушыларды ескертетін "Мал айдау" белгісі болмағандықтан, осы жол-көлік оқиғасына жол жанында жылқыны қараусыз қалдырған белгісіз адам кінәлі ретінде танылды. Иесіне іздеу жарияланды, бірақ полиция қызметкерлері иесін анықтау үшін қабылдаған іс-шаралар сәтсіз аяқталды.
"Біздің елімізде малды қағып кету салдарынан болатын жол-көлік оқиғасы сирек кездесетін жағдай емес. Өкінішке орай, мұндай жағдайлардың көпшілігінде зардап шеккен жүргізушілер көліктерді өз есебінен қалпына келтіруге мәжбүр, өйткені жолға шыққан жануардың иесін анықтау мүмкін емес", - деп "Евразия" СК сақтандыру жағдайына түсініктеме береді.
Қазақстанда жылқы мен сиырлардан бөлек, жабайы жануарлар: түйелер, бұландар, киіктер және тіпті аюлар да жолға жиі шығып кетеді. Егер үй жануарларының апатында жауапкершілік мал иесіне жүктелуі мүмкін болса, жабайы жануарлар жағдайында ештеңе істей алмайсың.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, осы жылдың сегіз айында жануарларды қағып кетумен байланысты кемінде 135 жол-көлік оқиғасы болғае. Бұл 82 апат болған өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Жыл басынан бері жануарларды қағып кету жағдайларының ең көп саны Алматы облысында тіркелді – 23, ал Жетісу облысында олардың саны 6 болды. Айта кету керек, бұл статистикаға азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жол-көлік оқиғалары ғана кіреді, яғни іс жүзінде олар 4-тен 5 есеге дейін әлдеқайда көп болуы мүмкін.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2160531-evraziia-sk-zhedel-zhardem-koligi-men-zhylqynyng-qatysuymen-bolgan-zhko-keiin-5-7-mln-tengge-toledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.