Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған

Жарияланған күні:

Ақша
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды дамыту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Еліміздегі әлеуметтік қолдаудың түрлері және бұл салада енгізілген соңғы жаңашылдықтар туралы KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыздар.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру. 2020 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке арналған шығыстар тұрақты өсуде. Егер осы мақсаттарға 2020 жылы 3,8 трлн теңге бөлінсе, биыл 5,4 трлн теңге қарастырылған.

Жыл сайын базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері инфляция деңгейінде, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып индекстеледі.

Елімізде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерінің артуы маңызды шаралардың бірі. Осылайша, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін өсуі тиіс. Ал 2024 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 60%-ға дейін ұлғайтылды, яғни 28 215 теңге, ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105%-ға дейін арттырылып, 45 578 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аударуды бастады. Бұл ретте ЖМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмыскерлерге ғана аударылады. Бұл шара қазақстандықтардың жас ұрпағын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Осы азаматтардың зейнетақысы болашақта тек үш құрамдауыш-компоненттен тұратын болады: мемлекет бюджеттен төлейтін "базалық зейнетақы", БЖЗҚ салымшысының өзі жинақтаған жарнасынан төлейтін "жинақтаушы зейнетақы" және ЖМЗЖ есебінен аударылатын "шартты-жинақтаушы зейнетақы".

Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап ұзақ уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізіледі. Жыл басынан бері 11 126 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалған.

Ана мен баланы қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалары бар отбасыларға республикалық бюджеттен жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлемдердің 2 түрі төленеді.

Мәселен, республикалық бюджеттен бала тууға біржолғы жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы, 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамға берілетін жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) келетін болсақ, бұл жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға бағытталған әлеуметтік қолдау шарасы. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 55,9 млрд теңге қарастырылған. Соңғы сегіз айт ішінде атаулы әлеуметтік көмек 385,6 адамға тағайындалған.

АӘК шеңберінде табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға ай сайынғы қосымша төлем беру іске асырылады. Биыл АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 119,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды. Сондай-ақ АӘК шаралары жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ортақ зейнетақыны қоса алғанда, 4,3 адамға әлеуметтік төлемдердің 42 түрі төленеді. Оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 1,9 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға зейнетақы және жәрдемақы бөлінген.

Қазақстандағы әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдер. 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 1,1 млн аса адам жалпы сомасы 622 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алды, бұл 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артық. Әлеуметтік төлемдер еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу баланың 1 жасқа дейінгі жасы сияқты әлеуметтік тәуекелдерден туындайды.

Соңғы жылдардағы ең елеулі өзгерістердің бірі 2023 жылдан бастап әлеуметтік қолдау алу процесін едәуір жеңілдеткен отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу болды.

Отбасының цифрлық картасы – бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарлама" және тиісті органдарға жүгінудің қажеттілігінсіз мемлекеттің қызмет көрсетудің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы. ОЦК арқасында қазақстандықтар қосымша өтініш бермей, түрлі қызметтердің 30-дан астам түрін автоматты түрде ала алады. Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте іске қосылған сәттен бастап 2,2 миллионнан астам азамат қажетті әлеуметтік қызметтерді алды. ОЦК көмек алу процесін жеңілдетіп қана қоймай, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттырды.

Бүгінгі таңда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы бағдарламаларды жаңғыртып, қолдаудың жаңа тетіктерін енгізе отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуды жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2164926-qazaqstanda-qandai-aleumettik-qoldau-sharalary-qarastyrylgan/