Шарлапаев ипотека ала алмай жүрген қазақстандықтар не істеуі керегін айтты
Жарияланған күні:
Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министріне бастапқы жарнасын жинап, ипотека ала алмай жүрген қазақстандықтар не істеуі керек деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Шын мәнінде, көптеген бағдарлама бар. Алайда негізгі бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталған. Ипотека алу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Ондай адамдар үшін, егер олар әлеуметтік тұрғыдан осал болса, бізде жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы бар, онда мемлекет жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялайды.
"Наурыз" бағдарламасына қарасаңыз, ол кең тараған. Оның үстіне бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана емес, қарапайым азаматтарға да қатысты. Бұл бағдарламаларға 300 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған", - деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Министрдің айтуынша, мемлекет биылғы жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуде "бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады".
"Сонымен қатар қазір бұл тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруге мүмкіндік беру үшін өзгерістер заңнамалық түрде пысықталып жатыр. Мұнда да мемлекет тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әлі де жеткілікті шаралар қабылдап жатыр деп санаймыз. Ол адамдардың белгілі бір топтарымен ғана жұмыс істемейді, бірақ егер депозитке жинақтау мүмкін болмаса, біз жалға алуды субсидиялаймыз, егер жинақтау мүмкін болса – іске қосылған бағдарламалар жұмыс істейді", - деп қосты министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2165400-sharlapaev-ipoteka-ala-almai-zhurgen-qazaqstandyqtar-ne-isteui-keregin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.