Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақтандыру жаргондарын демистификациялау: көпке түсніксіз терминдердің мағынасы қандай

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: depositphotos.com

Қазақстанда тұрғын үйді, басқа да мүлікті сақтандыруға деген қызығушылық біртіндеп артып келеді. Бұл, әдетте, сақтандыру арқылы қорғауды алу туралы ойлануға мәжбүр ететін төтенше жағдайларға байланысты. Ал күрделі фразалар мен түсініксіз жаргондарға келетін болсақ, қаржы және сақтандыру әлемі медициналық терминологиямен бір деңгейде қиын болуы мүмкін деп айтқан әділетті болар еді.

Мүлікті сақтандыруда жиі қолданылатын және дұрыс түсінілмейтін кейбір терминдердің мәнін ашып көрейік. "Евразия" сақтандыру компаниясында сала қызметкерлерінің кәсіби жаргонын түсінуге көмек көрсетіп отыр.

Сақтанушы – сақтандыру шартын жасайтын жеке тұлға. Сақтанушы әрқдайым мүліктің иесі бола бермейді. Сондықтан иесінің орнына үйді немесе көлікті басқаның пайдасына сақтандыруға болады, мысалы, туысының: анасының, әкесінің, бауырының және басқалардың.

Сақтандырылушы – пайдасына сақтандыру шарты жасалған тұлға.

Пайда алушы – пайдасына сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын тұлға.

Ережеге сай, сақтандыру шартын жасайтын, қол қоятын және төлейтін бір тұлға сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы болып табылады.

Сақтандыру құнына не әсер етеді?

Сақтандыру сомасы – бұл сақтандырылған мүліктің құны. Сақтандырушы сақтандыру шарттарын есептеу кезінде дәл осы соманы негізге алады. Назар аудару керек негізгі мәселе мүлік толығымен жойылған кезде сақтандыру компаниясынан өтеудің максималды сомасы болып табылады.

Нарықтық немесе нақты құн – шарты жасау сәтіне жылжымайтын мүліктің нақты бағасы.

Франшиза (шарт қойылмайтын) – сақтандыру компаниясы төлем кезінде ұстап қалатын сома. Мысалы, егер үйдің құны 100 млн теңге болса, онда толық қираған жағдайда сақтандыру компаниясы 10% (10 млн теңге) франшизаны шегере отырып, 90 млн теңге төлейді. Франшизаның мөлшері әртүрлі болады, сондықтан оған назар аудару қажет және сақтандырушыға барлық сұрақтарды қою керек.

Франшизаның қолданылу тетіктері мен түрлері туралы толығырақ мына жерден таба аласыз.

Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандыру компаниясына төлеу қажет ақша сомасы. Мысалы, егер үйдің нарықтық құны 100 млн теңгені құраса, онда барлық тәуекелдерден бір жылға сақтандыру құны шамамен 60 мың теңге болады. Біржолғы төлеммен төленеді. Сыйлықақы мөлшері тұрғын үй құнына, өтелетін тәуекелдерге және франшиза мөлшеріне байланысты болады.

Сақтандыру мерзімі – сақтандыру өтемінің қолданылу мерзімі. Әдетте бұл бір жылды құрайды.

Келесі материалдарда біз сақтандыру компаниялары өз қызметінде қолданатын неғұрлым күрделі және сирек кездесетін және әрдайым түсінікті бола бермейтін терминдер туралы сөйлесетін боламыз.

Сақтандыруды қаржылық әл-ауқат құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі өрт, су тасқыны, дүлей апаттар, апатты оқиғалар және кез келген басқа күтпеген оқиғалар тәуекелі салдарынан ауыр қаржылық жағдайларға тап болмауға көмектеседі.

Егер сұрақтарыңыз болса, онда жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікті сақтандыру туралы толығырақ ақпаратпен танысуға, сақтандыру құнын алдын ала есептеуге және өтінімді "Евразия" СК сайтында қалдыруға болады: пәтерлерге арналған бағдарлама Light House және үйлерге арналған бағдарлама Smart House немесе байланыс орталығының қысқа нөмірі бойынша: 5678.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2167717-saqtandyru-zhargondaryn-demistifikatsiialau-kopke-tusniksiz-terminderding-magynasy-qandai/