Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының жастары үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Жарияланған күні:

пәтер кілт1
Пәтер кілті. Фото: pixabay.com

Алматы облысы жастары үшін "Алатау жастары" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Бағдарлама шарттары:

  • несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
  • несиелендіру мерзімі – 19 жыл.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

  • өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
  • ҚР азаматтығы бар;
  • бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
  • ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
  • бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтініштер қазанның 1-15 аралығында қабылданады.

Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.

Құжаттарды Қонаев қаласы 1-шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1-қабат, акт залында тапсыруға болады.

Толық ақпарат алу үшін Whatsapp нөмір: +77066282806

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2167824-almaty-oblysynyng-zhastary-ushin-zhengildetilgen-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady/