Астанадағы ірі бұршақтан кейін зардап шеккен автомобиль иелері 131 млн теңге сақтандыру төлемдерін алды
Жарияланған күні:
Өткен тамызда Астанада жауған қатты бұршақ салдарынан зардап шеккен автокөлік иелері Каско ерікті автосақтандыру бағдарламасы аясында 131,5 млн теңгеден астам сомаға сақтандыру төлемдерін алды, деп хабарлайды "Евразия" СК баспасөз қызметі. Реттеу процесі бүгінде толық аяқталған жоқ, төлемдер жалғасуда.
Барлығы 129 автомобильдің иелері аномалиялық бұршақ салдарынан болған зақым үшін төлемдер алды. Сонымен, келіп түскен барлық өтініштің үштен екісі бойынша төлемдер іске асырылды. Төлемнің орташа сомасы 1,02 млн теңге болды: ең көп зардап шеккен көлік құралының иесі 5,56 млн теңге алды, ең аз төлем – 10 389 теңге.
Сонымен қатар жұмыс барысында зардап шеккендерден тағы 64 өтініш бар, олар бойынша алдын ала залал 78 млн теңге болуы мүмкін. "Евразия" СК Каско түрлі бағдарламалары бойынша сақтандырылған 194 көлік құралына жалпы сақтандырылған залал 209 млн теңгеден асуы мүмкін. Олардың ішінде 150 жеке тұлға және 35 заңды тұлға бар. Кейбір компанияларда, негізінен автосалондарда, бұршақ жауған кезде ашық типтегі автотұрақтарда тұрған бірнеше көлік құралы зардап шекті.
"Өтініштердің басым бөлігі бұршақтан кейінгі алғашқы екі аптада келіп түсті, мамандар залалды бағалауды бірден келесі күні жүргізуді бастады. Төлемдер құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін дереу іске асырылады. Бірқатар өтініш бойынша біз әлі күнге дейін ауыстырылатын жиынтықтауыштардың құны бойынша ресми сервистердің сметасын күтіп отырмыз",-деп түсіндірді төлемдер рәсімін "Евразия" СК баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 8 тамызда елордада қатты бұршақ жауды, салдарынан "Евразия" СК сарапшыларының бағалауы бойынша, кем дегенде 4,5 млрд теңгеге кем дегенде 8 мыңнан астам көлік құралдары зақымданды. Каско ерікті бағдарламалары бойынша зардап шеккен барлық автомобильдің 10%-дан аспайтыны сақтандырылды, олардың көбі – кепіл ретінде автокредиттеу шеңберінде.
Бұршақ және басқа да ауа райы құбылыстары КҚИ АҚЖ міндетті автосақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болып саналмайды. Осылайша, Каско полисі жоқ жүргізушілер көліктерді өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге мәжбүр болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2186592-astanadagy-iri-burshaqtan-keiin-zardap-shekken-avtomobil-ieleri-131-mln-tengge-saqtandyru-tolemderin-aldy/