Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 500 теңгеге дейін қымбаттады
Жарияланған күні:
Читать на русскомДемалыс күндерінен кейін Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында бір доллардың бағасы 500 теңгеге дейін көтерілді. Деректер Kurs.kz порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
18 қараша, дүйсенбі сағат 11:30-дағы мәлімет бойынша, елордадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 500 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатуға болады.
Алматыда бір долларды валюта айырбастау орындарында 494-498 теңгеге сатуға, ал орташа есеппен 497,5-499,5 теңгеге сатып алуға болады.
Шымкентте валюта айырбастау пункттері долларды 498,5-499,5 теңгеден сатып жатса, 496-498 теңгеден сатып алуда.
Сонымен қатар NUR.KZ сайтының айырбас бағамының мәліметіне сәйкес, 18 қарашада таңертең қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүргізілді:
- Астанада: сатып алу – 494,5 теңге, сату – 500,5 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 494,5-497 теңге, сату – 499-500,5 теңге.
Еске салайық, қазан айында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов журналистердің теңге бағамына қатысты сұрақтарына жауап беріп, аса үлкен өзгеріс болмайтынына сендірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2188872-qazaqstandagy-aqsha-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-500-tenggege-deiin-qymbattady/