jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 500 теңгеге дейін қымбаттады

    әр түрлі валюталар
    Әр түрлі валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Демалыс күндерінен кейін Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында бір доллардың бағасы 500 теңгеге дейін көтерілді. Деректер Kurs.kz порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    18 қараша, дүйсенбі сағат 11:30-дағы мәлімет бойынша, елордадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 500 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатуға болады.

    Алматыда бір долларды валюта айырбастау орындарында 494-498 теңгеге сатуға, ал орташа есеппен 497,5-499,5 теңгеге сатып алуға болады.

    Шымкентте валюта айырбастау пункттері долларды 498,5-499,5 теңгеден сатып жатса, 496-498 теңгеден сатып алуда.

    Сонымен қатар NUR.KZ сайтының айырбас бағамының мәліметіне сәйкес, 18 қарашада таңертең қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүргізілді:

    • Астанада: сатып алу – 494,5 теңге, сату – 500,5 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 494,5-497 теңге, сату – 499-500,5 теңге.

    Еске салайық, қазан айында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов журналистердің теңге бағамына қатысты сұрақтарына жауап беріп, аса үлкен өзгеріс болмайтынына сендірген еді.

    Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 500 теңгеге дейін қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.