Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық айырбастау орындарында доллар 530 теңгеге дейін қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар
Доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта құны 530 теңгеге жетті. Бұған дейін 29 қарашада доллар бағамы аздап арзандап, 512,52 теңге болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, сағат 13:42-дегі жағдай бойынша қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға болады:

Алматыда: сатып алу – 510,9-525,5 теңге, сату – 525,5-533 теңге;

Астанада: сатып алу – 520 теңге, сату – 530 теңге.

Бұл ретте, KASE ресми сайтында хабарланғандай, 29 қараша күні сағат 17:00-де доллар бағамы бір тәулігкте 0,53 теңгеге төмендеп, 512,52 теңге болды.

Сонымен қатар Ұлттық банк бүгін теңге бағамына қатысты жағдай аясында валюта нарығы бойынша мәлімдеме жасады.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195057-qazaqstandyq-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-530-tenggege-deiin-qymbattady/