Қазақстан банктері 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт бойынша жұмыс істей бастайды
Жарияланған күні:
Қазақстандағы қаржы ұйымдары 13 қаңтардан бастап деректер алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандартын қолдана бастайды. Банктер клиенттер үшін қандай өзгерістер болатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алдағы күндері республиканың ірі банктері өз сайттарында және қолданбаларында техникалық жұмыстар жүргізеді, бірақ олардың пайдаланушылары үшін түбегейлі ештеңе өзгермейді.
ЦентрКредит Банкі 12 қаңтар сағат 02:30-дан 06:05-ке дейін техникалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті. Бұл уақыт аралығында bcc.kz және bcc business мобильді қосымшаларын, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарын пайдалану мүмкін болмайды.
Halyk Bank-тің ресми сайтында ISO 20022 стандартына көшу клиенттердің қаржылық операцияларына – несиелік төлемдерге, аударымдарға, төлемдерге, банкомат операцияларына және шоттарға қызмет көрсетуге әсер етпейтіні айтылған.
Ал ForteBank клиенттеріне 13 қаңтарда техникалық жұмыстар туралы ескертіп, 10 қаңтар күні сағат 18:00-ге дейін банк қолданбаларын жаңартуды ұсынды. 10 қаңтар сағат 17:50-ден 11 қаңтар 09:00-ге дейін пайдаланушылар айыппұлдар мен салық төлей алмайды. Сондай-ақ 8 қаңтар мен 10 қаңтар аралығында болашақ валюталау күнімен теңгедегі аударымдар қабылданбайды. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін 10 қаңтарда сағат 20:00-ден 21:30-ға дейін банктер арасында теңгемен аударымдар мүмкін болмайды.
Ал Еуразиялық банктің клиенттерін жаңа төлем стандартына көшуге байланысты әлі де өзгерістер күтуде. 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап банк валюталандыру күні 2025 жылғы 10 қаңтардан кейінгі (кешіктірілген) МТ форматындағы төлем құжаттарын қабылдамайды. Сол күннен бастап төлем жүйесіндегі операциялық күн жабылғаннан кейін банк МТ форматындағы төлемдерді қабылдамайды.
Банк 10 қаңтардан кейін "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ ішкі регламенттеуші құжаттарымен бекітілген қағаз тасымалдауыштардағы №208 Ережелердің талаптарына және хабарламалар форматынасәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2210490-qazaqstan-bankteri-13-qangtardan-bastap-zhanga-standart-boiynsha-zhumys-istei-bastaidy/