jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмекті кезекке тұрмай қалай алуға болады

    Дәрілер
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Соңғы үш айда Қазақстан тұрғындары "Әлеуметтік әмиян" деп аталатын дәрі-дәрмектерді электронды түрде беру жобасы аясында QR-код арқылы 1,7 млн рецепттің негізінде түрлі препараттар алды. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті кезекке тұрмай өз бетіңізше қалай алуға болатыны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің ресми telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады.

    "Созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдарға енді қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер тағайындалған дәрі-дәрмекті кезексіз өз бетінше бере алады.

    Егде жастағы тұрғындар немесе "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін тиісті дәрілік заттар пациенттің қолына беріледі", - делінген министрлік жазбасында.

    QR-код арқылы дәрі-дәрмек беру тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Бұл жоба 1,7 млн адамды қамтиды әрі бүкіл республика бойынша қолжетімді.

    QR-код арқылы дәрі-дәрмекті қалай алуға болады

    1. Пациент "Әлеуметтік әмиян" мобильдік қосымшасына кіреді, онда ол өзінің барлық рецептін көреді (белсенді және белсенді емес), дәріханаға келіп, QR рецепт кодын ұсынады;
    2. Штрих-код сканері арқылы ақпараттық жүйедегі мейіргер қызметкерлері QR-ды сканерлейді және дәрі-дәрмек береді. Бұл жағдайда қағаз рецептерін сақтаудың қажеті жоқ, QR қашан да қолжетімді.

    Дәрі-дәрмектерді электронды түрде берудің артықшылықтары қандай

    • дәрілік заттарды алудың толық тарихы сақталады;
    • қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі;
    • фото/бейне қосу мүмкіндігімен пікірлер қалдыру;
    • пациенттің тарапынан өте төмен бағалау кезінде уәкілетті мемлекеттік органға электрондық өтінішті автоматты түрде қалыптастыру.
    Қазақстанда QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмекті кезекке тұрмай қалай алуға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.