Зектілері

Қазақстандағы сарапшылар елде тауарлар мен қызметтерге баға шарықтайды деп болжап отыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Купюралар
Купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2025 жылы инфляция орта есеппен 10,6%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай болжамды қаржы сарапшылары қаңтардағы баға өсімі қарқыны мен елдегі алдағы реформалар аясында жасап отыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.

Қаңтарда Қазақстанда инфляция үдей түсті – бір айда тауарлар мен қызметтер бағасы 1,1%-ға, ал бір жылда – 8,9%-ға өсті. Бүгінде ел экономикасында болып жатқан жайттар жақын арада бағаның қайтадан көтерілуіне әкелуі ғажап емес.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) сауалнамасына сәйкес, сарапшылар бір жылда инфляция 10,6%-ға жетеді деп болжап отыр. Бұл бұрынғы болжамнан әлдеқайда жоғары өсім және бағаның ағымдағы өсу қарқынынан да айтарлықтай жоғары.

Мұндай болжам жасауға қазіргі таңда бағаның өсіп жатқаны себеп болып отыр – бағаның 1,1%-ға өсуі соңғы 11 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар Қазақстанның Салық кодексіндегі талқыланған реформалар да бұған әсер етіп жатыр.

Еске салайық, елде ҚҚС-ты көтеру, сондай-ақ кейбір жеңілдіктерді жою мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұндай өзгерістерді талқылаудың өзі бүгінде бағаның өсуіне түрткі болып отыр, мысалы, қазір жылжымайтын мүлік нарығында баға шарықтай бастаған.

Кейбір сарапшылар (37%-ы) бұл жағдай Ұлттық банктің 7 наурызда базалық мөлшерлемені көтеріп, сол арқылы елдегі ақша-несие саясатын қатайтуға себеп болуы мүмкін деп есептейді. Дегенмен қалған респонденттер ешқандай өзгеріс болмайды деген пікірде.

Еске салайық, қазіргі уақытта базалық мөлшерлеме 15,25% деңгейінде.

Басқа экономикалық көрсеткіштерге келетін болсақ, валюта бағамының болжамдарын атап өткен жөн. Сарапшылар бір айдан кейін Қазақстанда доллар бағамы 513,9 теңге болады деп болжап отыр. Дәл қазір америкалық валюта 510,49 теңгеге саудаланып жатыр.

Алайда бір жылдан кейін доллар құны 551,2 теңге болуы мүмкін. Бұған Brent маркалы мұнайдың күтілетін бағасы себеп болуы ғажап емес, ол барреліне 73,6 доллардан 69,3 долларға дейін төмендеді, ал бюджетте бағасы 75 доллар болады деп қарастырылған.

Дегенмен бұл тек болжам екенін және жағдай мүлде өзгеше болуы мүмкін екенін түсіну маңызды, өйткені бұл қаржылық сарапшылардың субъективті пікірі. Мұндай талдаудың басты мақсаты – қазақстандықтарға елімізде болып жатқан оқиғалар мен олардың ықтимал салдары туралы айту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2219643-qazaqstandagy-sarapshylar-elde-tauarlar-men-qyzmetterge-baga-sharyqtaidy-dep-bolzhap-otyr/