jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шағын және орта бизнеске алты пайызбен жеңілдетілген несие беріледі

    Ақша18
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шағын және орта бизнес дамыту үшін алты пайыз мөлшерлемемен микрокредит беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Министр президенттің тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнеске жеңілдетілген шарттармен алты пайызға дейінгі мөлшерлемемен микрокредит беру көзделгенін айтуда.

    Несие жұмыспен қамтудың жол картасы аясында "Шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру" бағыты бойынша берілмек.

    Жалпы сомасы 22,5 млрд теңгені құрайтын 5 400 жобадан тұратын тізім жасалды, ол ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сүт, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және басқа да салалардағы бизнес жобаларды қамтиды.

    "Өңірлерде микрокредит беру құралын іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін "Атамекен" ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 15 микроқаржы ұйымы құрылды", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

    Айта кетейік, микрокредит алушылар 10 600 қосымша жұмыс орнын ашады.

    Еске салсақ, министр Жұмыспен қамтудың жол картасы төрт бағыт бойынша іске асатынын мәлімдеді. Оны жүзеге асыруға 300 млрд теңге қарастырылған.

    Министрдің ақпаратына сәйкес, қаржыландыру лимиттері анықталып, өңірлер бойынша жұмыс күшінің үлесіне сәйкес бөлінген. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға 127,5 млрд теңге, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 100 млрд теңге, өңірлерде бизнесті дамытуға және микрокредиттер беруге 72,5 млрд теңге бағытталған.

    Шағын және орта бизнеске алты пайызбен жеңілдетілген несие беріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.