jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан банктерін QR-кодтардың бірыңғай жүйесіне көшіру көзделуде

    Төлем
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова қазақстандық банктерді QR-кодтардың бірыңғай жүйесіне көшіру жоспары барын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әсел Жанасова электронды коммерция форумында QR кодтардың да төлем құралы екенін айтты.

    "Өткен жылы біз QR төлемін теңестіру, QR кодтарын стандарттау бойынша жұмыс жасадық. Қай банктің клиенті екеніңіз маңызды емес. QR болса, кез келген банк бірін-бірі "оқи алуы" керек. 10 POS-терминал қажет емес. Бизнес үшін әр терминалға ақы төлеудің қажеті жоқ: нарықтың барлық қатысушыларымен жұмыс істей алатын бір терминал болғаны дұрыс", - деді ол.

    Вице-министр биылғы жылы барлық банктер өз жүйесін пысықтайтынын және әрбір азаматтың кез келген терминалда QR арқылы төлеуге мүмкіндігі болатынын атап өтті.

    "Олар (банктер – ред. ескерт.) бірін-бірі "оқи" алатын болады", - деп түйіндеді сөзін Әсел Жанасова.

    Қазақстан банктерін QR-кодтардың бірыңғай жүйесіне көшіру көзделуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.