jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елімізде 60 мың теңгелік банкнот пайда болғаны рас па (видео)

    номиналы 60 000 теңгелік банкнот
    Номиналы 60 000 теңгелік банкнот. Видеодан кадр: instagram.com/59cek

    Желіде 60 мың теңгелік жаңа купюра көрсетілген видео тарады. Осы орайда Massaget.kz тілшісі Ұлттық банкке жүгініп, ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтап көрді.

    "Жігіттер, жаңа ақшаны кім көрді? Жаңа Yokohama-дан қысқы дөңгелектер алып жатсам, осындай бір дана 60 мың теңге қайтарып тұр. Ыңғайлы екен", - дейді видеодағы ер адам.

    Ұлттық банктың баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, номиналы 60 000 теңгелік жаңа банкноттың шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

    "Жаңа номиналдың шығарылуы ел экономикасының объектив қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ. Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы - 20 000 теңге", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

    Елімізде 60 мың теңгелік банкнот пайда болғаны рас па (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.