jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде 21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынатыны рас па

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға микронесие беруге тыйым салынуы ықтимал. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құжат "Ашық" НҚА порталында жарияланып, 28 сәуірге дейін талқылауда болмақ.

    "Атаулы әлеуметтік көмекті және 21 жасқа толмаған қарыз алушының кірісін бағалау ресми кірісі негізінде айқындалады. Қарыз алушының орташа ай сайынғы кірісі оның өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 айдағы қатынасы ретінде есептеледі", - делінген құжат мәтінінде.

    Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама 21 жасқа толмаған тұлғаларға микронесие беруді шектеу мақсатында енгізілетіні жазылған.

    "Жоба 21 жасқа толмаған адамдарға микрокредит беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында дайындалды. Сонымен қатар, жобада тұтынушылық несиелеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген", - делінген мәтінде.

    Елімізде 21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынатыны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.