jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлік қайда жұмсалады: Қаржы министрлігі жауап берді

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

    Бүгін мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жақында сотталған Қайрат Боранбаевтың мүлкіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін журналистер Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жақында сотталған Қайрат Боранбаевтың Алматыдағы жер телімі мен есепшотындағы миллиондаған доллардың қайда жіберілетінін сұрады.

    "Заңды көрдіңіз бе? Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Егер осы заң аясында, әрине (шара қабылданатын болады - ред.). Біз жақында арнайы компания құрдық, олар қадағалайтын болады.

    Қажет болса, не басқармаға береміз, не ақшаны арнайы есепшотқа аударып жүзеге асырамыз. Егер бұл әрекет осы заңның қолданылу аясына жатпайтын болса, онда процессуалдық шешім бар. Кейін мемлекеттік меншікке беріледі. Оларды жүзеге асырамыз немесе мемлекеттік басқаруға береміз", - деді министр.

    Ерұлан Жамаубаев белгілі бір шаралар арқылы шешім қабылданатынын, конкурс немесе портал арқылы көрсетіліп, сенімгерлік басқаруға берілетінін атап өтті.

    "Осының бәрі, әрине, ашық түрде болады", - деп сендірді ол.

    Бұл ретте министр капиталды қайтару туралы заң аясындағы қаражат әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмсалатынын еске салды.

    "Комиссияның шешімі де ашық. Аудиторлық палата тексере алады. Бұл жерде ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Бұл ақшаның елге қайтарылып, қажетіне жарағаны маңызды.

    Бұл қорды кім басқаратынын әзірге айта алмаймын. Егер заң талабы бойынша болса, онда бұл Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің еншілес ұйымы болады", - деп қорытындылады Қаржы министрлігінің басшысы.

    Еске салайық, қыркүйекте Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық алқа шешім шығарған болатын. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлік қайда жұмсалады: Қаржы министрлігі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.