jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Несиесі кешірілген қазақстандықтар қайта қарызға батып жатыр

    Ақшасы бар әмиян ұстап тұрған адам
    Әмиян. Көрнекі Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Биыл 2019 жылғы несиесі бар көптеген азаматтың қарызы кешірілген болатын, бірақ олар қайта қарызға белшеден батқан. Қазақстандықтардың жалпы қарыз сомасы 67,5 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды Inbusiness.kz медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    2019 жылы Қазақстанда ресми түрде несие амнистиясы, яғни несие қарызын кешіру процедурасы жарияланған болатын. Ол үш кезең бойынша өтті, амнистия барысында 578 мыңға жуық азаматтың қарызы жойылған, жалпы кешірілген қарыз сомасы 120 миллиард теңгеден асты.

    Бұл ретте несиесі есептен шығарылған азаматтарға жаңадан несие алуға тыйым салынбаған, журналистер бұрынғы қарыз алушылардың басым бөлігі 2023 жылы қайта қарызға белшесінен батқанын анықтаған.

    "Жоғарыда аталған көрсеткіштерге сүйенсек, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2020 жылы 1 қаңтардан кейін қарыз алған адам саны – 395 мың, алынған қарыз сома – 685 млрд теңге", – делінген Inbusiness.kz хабарламасында.

    Сонымен қатар қарыз алушылардың ішінде 70 мыңға жуығы немесе 9,9 пайызы өтеу мерзімін 90 күннен асырып, кешіктірген. Кешіктірілген қарыз мөлшері – 67,5 млрд теңге.

    Осылайша 2019 жылы азаматтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған бағдарлама оларға тиімді нәтиже бермеген.

    Еске салайық, 2022 жылы шағын несиелер бойынша азаматтардың проблемалық берешегінің деңгейін төмендету мақсатында несиесін өтей алмайтын 567 мың қарыз алушының проблемалық берешегі реттелсе, 28 мыңға жуық азаматтың жалпы сомасы 600 миллион теңге көлемінде қарызы толық кешірілген болатын.

    Несиесі кешірілген қазақстандықтар қайта қарызға батып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.