jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "21 млн теңге": Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

    Күдікті банк менеджері
    Күдікті банк менеджері. Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеп, 21 миллион теңге қаржыны қалтасына басқан деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың атына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген.

    "Аталған фактіні полицейлер "алаяқтық" бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді", - делінген хабарламада.

    Сөйтсе 31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған.

    Осылайша ол 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі - 21 миллион теңге.

    "Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

    "21 млн теңге": Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.