jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде банкке 2978 теңге қарыз болып қалған адам банкрот деп танылды

    Бос әмиян
    Әмиян. Көрнекі фото: freepik.com

    Банкке 2978 теңге қарыз болған адам банкрот деп тану жөнінде өтініш берген. Бірінші несие бюросы бұл процедура кейін ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын ескертті. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасында жарияланған мәлімет бойынша, елде жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық туралы өтініштерін қабылдау 2023 жылғы наурызда басталған. Жыл соңына дейін қазақстандықтар 77 мыңға жуық өтініш берсе, 62 мың өтініш қабылданбаған.

    "8,3 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Қарыздың медианалық сомасы шамамен 962 мың теңге, орташа сомасы шамамен 1,6 миллион теңге болды. Бір қызығы, ең төменгі сома небәрі 2978 теңге", - делінген бюро хабарламасында.

    Сондай-ақ Бірінші кредиттік бюро банкроттықтың ауыр зардаптары бар екенін ескертті. Соның ішінде ең ауыры – банкрот деп танылған соң өтініш беруші тағы бес жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ешқандай несие ала алмайды.

    Елімізде банкке 2978 теңге қарыз болып қалған адам банкрот деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.