jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда шағын несие бермес бұрын міндетті биометриядан өту ережесі енгізілмек

    Биометрия
    Биометрия. Көрнекі фото: metamorworks / Getty Images

    Қазақстанда онлайн түрде микрокредит алуға өтініш берген кезде биометриялық сәйкестендіруден өтуді міндеттеу жоспарланып отыр. Осылайша азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделген. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Казахстанцы могут столкнуться с кредитными мошенниками. Если попасть в их ловушку, можно оказаться должником перед банком или микрофинансовой организацией (МФО). При этом не все займы, оформленные мошенниками,могут списать.

    Қазақстандықтар кредитпен қарызға батыратын алаяқтарға тап болуы мүмкін. Егер сіз алаяқтарға ұрынсаңыз, банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) қомақты қаражат қарыз болып қалуыңыз ықтимал. Осы орайда кей жағдайда алаяқтар алғызған кейбір несиелерді есептен шығару мүмкін емес.

    Сондықтан азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредитті онлайн рәсімдеу ережелерін қатаңдату туралы қаулы жобасын дайындап, "Ашық НҚА" порталында жариялады.

    Егер аталған заң жобасы қабылданса, алдағы уақытта электронды түрде микрокредит алу үшін кез келген азамат биометриялық сәйкестендіруден өтуге тиіс болады. Ал егер биометриядан өтпесеңіз, ақша аударылмайды.

    Мұндай талап микрокредит алатын компанияларға да байланысты. Мысалы кейбір компаниялар тауарларды я қызметтерді сатып алу үшін шағын несие алуы мүмкін.

    Бұл жағдайда фото немесе видео арқылы биометриядан өтуге болмайды. Себебі несие бермес бұрын жеке тұлғаны тексеру кезінде одан кездейсоқ әрекеттерді орындауды сұрайды. Сондықтан алаяқтарға қауіпсіздік жүйесін айналып өту қиынға соғады.

    Қаулы жобасы 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады, сондықтан қазақстандықтар әзірге бұл талаптарды орындамауға құқылы.

    Еске салайық, қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тартуды рәсімдеу арқылы өзін алаяқтардан қорғай алатынын жазған едік.

    Қазақстанда шағын несие бермес бұрын міндетті биометриядан өту ережесі енгізілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.