"Коттедж де, көлік те бар": Қаржы министрлігі қазақстандықтарды неліктен банкрот деп танудан бас тартылғанын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада өткен баспасөз конференциясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кейбір қазақстандықтарды банкрот деп танудан бас тартылғанын айтып, оның себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Біржановтың айтуынша, кейде үйі мен көлігі бар қазақстандықтар да банкрот болып танылғысы келіп, өтініш береді.
"Тіпті 2 мың теңге, 5 мың теңге, 10 мың теңге берешегі бар адамдар банкроттыққа өтініш беретіндер де болған. Тіпті бірнеше миллиард теңге қарызы барлар да банкроттыққа өтініш береді. Кейде адамның бірнеше несиесі бар адамдар банкроттыққа өтініш береді, алайда берілетін сома 5 миллион теңгеден асқандықтан, оларға да бас тартуға мәжбүрміз", - деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, жеке тұлғалар соттан тыс банкрот болып танылуы үшін қолында бар сомасы әлдеқайда аз болуы керек.
"Кейде өтініш берушілер өздерінің жан-жарын да көрсетпейді, олар жұбайы жайлы жазбай кетуі мүмкін немесе жұбайының мүлкі бар бола тұра, кейбіреулерінде тіпті коттедждер мен көліктері бар болғанымен, банкрот болуының барлық салдарын, кейін шектеулері болатынын білмей банкроттыққа өтініш береді", - деп қосты спикер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2102705-kottedzh-de-kolik-te-bar-qarzhy-ministrligi-qazaqstandyqtardy-nelikten-bankrot-dep-tanudan-bas-tartylganyn-aitty/