jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда кімдердің қарызы кешіріледі: Қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауабы

    Банкомат. Ақша
    Банкомат: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Олжас Қизатов банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемеген 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар екенін айтты.

    "Банктер балансында 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемегендер саны – 980 мың адам, микроқаржы ұйымдарының балансында – 332 мың адам. Яғни банктермен салыстыратын болсақ, Микроқаржы ұйымдарында қарыз алушылардың саны айтарлықтай аз", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

    Оның сөзінше, 1,5 млн қарыз алушы үшін осы қаржы ұйымдарымен: банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен мақсатты жұмыс жүргізу.

    "Банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірге қаржылық жағдайы жоқ қарыз алушылар, яғни бұл көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтары санатына жататын жеке тұлғалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие берушілер негізінен осы қарызды есептен шығаруға және кешіруге бағытталған шараларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Қизатов.

    Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен.

    Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары 2024 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелік қарыз сомасы 1,6 трлн теңге болғанын мәлімдеді.

    Қазақстанда кімдердің қарызы кешіріледі: Қаржы нарығын реттеу агенттігінің жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.