jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Лицензиясыз компания исламдық банкинг қызметтерін ұсынған: АХҚО халыққа үндеу жасады

    Әмин және төлек картасы
    Әмин және банк картасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    АХҚО қазақстандықтарға исламдық банкинг өнімдерін лицензиясыз ұсынатын компания туралы ескертті. Бұл туралы қаржы орталығы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    "АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab1 лицензиясының мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесінде аяқталғанын хабарлайды.

    Алайда AFSA-ға компания өз өнімдерін, соның ішінде исламдық банкинг пен исламдық қаржыландыру өнімдерін халыққа жарнамалауды жалғастырып жатқаны белгілі болды.

    AFSA компанияның бұрын краудфандингтік платформа ретінде лицензияланғанын және ешқашан исламдық банкинг немесе исламдық қаржыландыру қызметтерін ұсынуға өтінім бермегенін және лицензиясы болмағанын атап өткісі келеді", - делінген қаржы орталығы таратқан хабарда.

    Осы орайда комитет өкілдері халықты AFSA лицензиялаған немесе тіркеген заңды тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын Жария тізіліммен танысуға шақырады.

    Комитет ақпаратынша, бұл заңды тұлғаның қаржылық қызметтерін немесе өнімдерін пайдаланбас бұрын оның тиісті лицензиясы бар екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

    Лицензиясыз компания исламдық банкинг қызметтерін ұсынған: АХҚО халыққа үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.