jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ешкім ешқашан риза болмайды": Шарлапаев Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі туралы айтты

    несие
    Көрнекі фото: pexels.com

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев министрлер кабинетінде өткен брифингте Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Жеңілдетілген несиелеу бойынша ешкім ешқашан риза болмайды, бұл түсінікті. Өйткені адам көп, ақша аз", - деді Қанат Шарлапаев.

    Оның айтуынша, автоөндірушілер де, қаржы нарығы да халыққа автокөлік сатып алудың түрлі жолын, соның ішінде лизингке алуды немесе бөліп төлеуді ұсынады.

    "Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген ақшаға келетін болсақ, бұл өте дұрыс шешім болды деп есептеймін және бұл қаражат қалалардағы, облыстардағы және облыс орталықтарындағы қоғамдық көлікті дамытуға бағытталды.

    Менің ойымша, бұл ұстаным дұрыс: біз автокөліктерге жеңілдетілген несие берудің орнына, қоғамдық көліктердің сапасын жақсартамыз, бұл біздің азаматтардың көп бөлігіне әсер етеді. Ал бұл жағдайда біз жеңілдікпен автонесие мәселесін 1,5 жылдан астам уақыт бұрын жауып тастадық және бұл ақша қазір тек қоғамдық көлікті дамытуға бағытталып отыр", - деп түйіндеді сөзін министр.

    Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр елдің жеңілдетілген автонесие бағдарламасын неліктен "қысқартқанын" айтқаны хабарланған болатын.

    Еске салайық, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың мамырында іске қосылды. Қазақстандықтарға 4 пайызбен автонесие алуға мүмкіндігі берілді.

    "Ешкім ешқашан риза болмайды": Шарлапаев Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.