jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қаржы министрі Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынғанын мәлімдеді

    Қағаз ақша
    Қағаз ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Тәкиев бұдан былай бюджет қаражатын үнемдеген мемлекеттік органдар ақшаны сыйақыға аудара алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мұны көптен бері айтқым келіп жүр еді. Біз қаржы мекемесі атынан Қаржы министрлігіне шоттағы қаражатты сыйақыға аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдар қаржыны үнемдеген болса, оны сыйақыларға аудара алмайды. Ол қаражат бюджетке қайтарылады", - деді қаржы министрлігінің басшысы.

    Ол сыйақы аудару тура мағынасында жабылғанын атап өтті.

    "Ешқандай сыйақы болмайды, біз 112-кодты жаптық, сол арқылы ақшаны сыйлықақыға жіберіп, сол жерден алуға болатын", - деді Мәди Тәкиев.

    Еске салайық, ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 сағат жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерды ынталандыру керек екенін айтқан болатын.

    Ал тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар жыл сайын қанша сыйлықақы алатынын айтты.

    Қаржы министрі Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салынғанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.