jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы шарттарына өзгерістер енгізілмек

    Қолына кілт пен үйдің макетін ұстаған адам
    Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    2025 жылы Қазақстанда "Наурыз" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасының ережелері өзгереді. Жаңа ереже бойынша депозитте көбірек ақша болуы керек, бірақ кей салымшылар үшін бастапқы жарна мөлшері азаяды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    "Отбасы банктің" Instagram-дағы ресми парақшасынадар жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың көктемінде, Наурыз мерекесінен кейін "Наурыз" бағдарламасы қайта іске қосылады.

    Келесі жылы қатысушыларды тұрғын үйге қол жеткізу жолын жеңілдетіп қана қоймай, жеделдететін маңызды өзгерістер күтіп тұр.

    • Таза әрлеудегі тұрғын үйдің бастапқы жарнасы төмендейді

    Енді пәтерді таза әрлеумен таңдай отырып, қарыз сомасының небәрі 10 пайыз мөлшерінде қаржы енгізу жеткілікті.

    Банк салымшылары үшін жөндеуге қосымша несие алудың қажеті жоқ.

    Қымбаттау пәтерді таңдап, бірден дайын үйге қоныстануға болады.

    • Ең төменгі жинақ сомасы – 2 миллион теңге

    Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін депозитіңізде кемінде 2 миллион теңге болуы керек.

    Бұл не үшін қажет:

    • Бастапқы жарнаны төлеуге қауқарлы қатысушыларды іріктеу қамтамасыз етіледі.
    • Тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға нақты ниеті бар салымшылар қатыса алады.

    "2024 жылғы тәжірибе көрсеткендей, кейбір қатысушылар тізімге енгенімен, 20 пайыз мөлшеріндегі бастапқы жарнаны депозиттеріне сала алмады. Жаңа шарттар бағдарламаның талаптарын орындай алатын азаматтарға көбірек мүмкіндік береді", -делінген хабарламада.

    Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе арқылы болады

    Қатысушыларды іріктеу өтінімдерді қабылдау аяқталған күнгі баллдарды есептеу негізінде жүргізіледі. Баллдар келесі критерийлер бойынша беріледі:

    • Салым бойынша сыйақы мөлшері: әр 1 000 теңгеге – 1 балл.
    • Тіркелген неке болуы: 5 балл.
    • Балалардың болуы: 10 балл (санына қарамастан).
    • ХӘАҚ тобы әртебесі: 10 балл.
    • 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жасы: 5 балл.
    Қазақстанда "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы шарттарына өзгерістер енгізілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.