jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

    Ипотека құжаттарына қол қою
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова үкіметте сейсенбіде өткен брифингте Қазақстанда әйелдерге арналған ипотека қашан іске қосылатыны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Биыл біз Азия даму банкімен келісімге отырдық. АДБ директорлар кеңесінде бағдарлама шартын бекітті. Біз ешқандай өзгеріс болмағанын – алғашқы салым 20 пайыз деңгейінде қалғанын қалаймыз. Баспананы бірінші және екінші санаттағы нарықтан алуға болады. Сыйақы мөлшері АДБ-ның ішкі қаржы нарығында теңге тарту көлеміне қарай белгіленеді", - дейді Ибрагимова.

    Оның айтуынша, банктің халық үшін тартып жатқан ресурстары теңге түрінде болғаны маңызды.

    "Жылдың екінші жартысында бастаймыз деп ойлаймын, бірақ одан бұрын іске қосамыз деп жоспарлағанбыз. Алайда біз осы несие бойынша жарна төмен болса екен деп отырмыз. Сол себепті ұтымды сәтті таңдап, ұтымды мөлшерлемені тартуға тырысамыз", - дейді ол.

    Свежая публикация по теме:
    Елімізде жаңа пәтерлер құны тағы да шарықтады

    Бұған қоса, "Отбасы банк" басшысы ипотекасы бар қазақстандықтардың доллардың күшеюіне байланысты баспана қымбаттай ма деген сауалға жауап берді. Оның айтуынша, "Наурыз" және "Отау" бағдарламаларына қатысушылар үшін ештеңе өзгерген жоқ.

    Бұған дейін "Отбасы банк" тұрғын үй бағдарламасының бірі бойынша несие шарттарын қайта қарау жоспарын жариялаған.

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы іске қосылатыны биыл қыркүйек айында мәлім болған.

    Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.