Қазақстанның жұмысы бар тұрғындарының барлығы дерлік несие төлеп отыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,2 миллион қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық несиесі бар. Тағы 600 мыңға жуық адам ипотека, 559,2 мың адам автокөлік несиесін төлеп отыр. Несие алушылардың санын KAZ.NUR.KZ тілшілері анықтап көрді.
Ресми статистикаға көз жүгіртсек, азаматтардың несие алу көрсеткіші күн санап көбейіп жатқанын байқауға болады.
Кепілсіз несиелер
Мысалы, FCBK Media Day 2025 күнінде жарияланған Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылы 6,2 миллион Қазақстан азаматы жалпы сомасы 10,6 триллион теңгеге 36,9 миллион тұтынушылық кепілсіз несие алған. Орташа есеппен бір келісімшарттың сомасы 287 мың теңгені құрайды.
Нәтижесінде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 8,2 миллионға жуық тұрғын кепілсіз тұтынушылық несиені төлеп отыр. Оларға 31,5 миллионға жуық несие берілді, қарыздың жалпы сомасы 11,7 триллион теңгеге тең – бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,9 пайызға артық.
Бір келісімшарт бойынша орташа қарыз мөлшері 371,8 мың теңгені құрап отыр.
Ипотекалық несиелер
2024 жылы тағы 134 мың азамат 136,8 мың ипотекалық несие алған. Орта есеппен олар 13,2 жыл мерзімге 16,4 млн теңгеге ипотека рәсімдеген. Берілген несиелердің жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге жетті.
Жалпы, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 600 мыңға жуық қазақстандық 627,6 мың ипотекалық несиені төлеп жатыр, ал төленуі кереек берешек сомасы өткен жылғы көрсеткіштен 14,1 пайызға артық. Орта есеппен әрбір "ипотекаға" 10,6 млн теңгеден келеді.
Автокөлік несиелері
Сондай-ақ 2024 жылы 214 мың қазақстандық жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеге жететін 228,4 мың автонесие алған. Орта есеппен әрбір қарыз алушының несие сомасы 8 миллион теңге.
Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 559,2 мың адам көлігі үшін 591,2 мың несие төлеп отыр. Олардың төленуі кереек берешек сомасы бір жыл бұрынғыдан бірден 44,8%-ға артық.
Жалпы, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9 миллионнан астам қазақстандықтың несиелері бар – бұл еліміздің жұмыспен қамтылған халқының барлығы дерлік (9,2 миллион адам) несие төлеп отырғанын аңдатады. Тұрғындардың банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарызы 24,1 трлн теңгені құрап отыр.
Айта кетерлігі, несие алушылардың барлығы несиеге жауапкершілікпен қарай бермейді. Мысалы, төлемі 90 күннен астам уақытқа кешіктірілген тұтынушылық несиелердің үлесі (NPL90+) 14,3%-ға жетті. Ипотека бойынша 3,1%, ал автонесие бойынша -7,7% құрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2215572-qazaqstannyng-engbekke-zharamdy-halqynyng-barlygy-derlik-nesie-tolep-otyr/