Қаржы

Зектілері

Қазақстанда автонесие алу талаптары жеңілдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
жаңа көлік
Автосалондағы жаңа көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда мойнында қанша қарызы барына қарамастан автонесие алуға мүмкіндік беретін қаулы қабылданды. Бұл қандай көліктерді сатып алуға қатысты екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біліңіз.

Көлік сатып алу үшін қомақты қаржы қажет, ал көп жағдайда дайын қаражат екінің бірінде бола бермейді. Сондықтан көпшілігі автонесие алуды жөн көреді. Алайда несие алу үшін банкке төлем қабілеттілігін растау керек.

Банктер автонесие бермес бұрын әдетте қарыз алуға өтініш берген адамды мұқият тексеріп, оның табысына ғана емес, сонымен қатар басқа несиесінің бар-жоғына да назар аударады, яғни оның борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) тексереді. Егер ол тым жоғары болса, несие беруден бас тартады.

Бұған дейін біз қазақстандықтар үшін автонесиені қолжетімді ету мүмкіндігі қарастырылып жатқанын, енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автонесие ресімдеу кезінде БЖК-ның шекті деңгейін сақтау талабының күшін жойған қаулыны ресми түрде жариялағанын хабарлаған едік.

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары келесідей автокөлікті несиеге сатып алған жағдайда азаматтардың қаржылық ауыртпалығын қарастырмайды:

  • Қазақстанда алғаш рет тіркелетін жаңа автокөліктер;
  • 50 пайыз бастапқы жарнасын төлесе – пайдаланылған автомобильдер;
  • 30 пайыз бастапқы жарнасы болса – үш жылға дейін пайдаланылған автокөліктер.

Сондай-ақ қаулы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесімен ипотека ресімдеу кезінде БЖК сақтау талабының күші жойылды.

Айта кетейік, бұл – уақытша шара, ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде қолданылады.

Ал қаулы бүгіннен бастап, яғни 2025 жылдың 20 ақпанында күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2222327-qazaqstanda-avtonesie-alu-talaptary-zhengildedi/