jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Валюта айырбастау ережесінің өзгеруі мен жаңа банкнота: Ұлттық Банк құқықтық актіге қандай түзетулер енгізді

    Теңге
    Кассада ақша санап жатқан әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстан Ұлттық Банкі кезекті отырыс өткізді. Отырыс барысында Ұлттық Банк Басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сондай-ақ банк наурызда жаңа дизайнда 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Отырыста ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есеп бекітілді.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері 58,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жылдық инвестициялық табыс 4,6 млрд АҚШ доллары немесе 7,6% болды. Қор құрылғалы жинақталған кірістілік – 128% немесе жылдық мәнде 3,55%.

    Валюта айырбастау ережесіне қатысты өзгеріс

    Ұлттық Банк Басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар да енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.

    Сонымен қатар Басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге.

    Жаңа дизайндағы 1000 теңгелік банкнота

    Бұдан бөлек, 2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – GRIFFIN ("Көшпенділер аңызы мен мифтері" сериясынан) және OTYRAR ("Қазақстанды монеталар арқылы зертте" сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

    Сонымен қатар жиында төлем жүйелері және Ұлттық Банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.