jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

    кілт және үйдің макеті
    Кілт және үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Наурыз" бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті. Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Наурыз" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды.

    Осы ретте "Отбасы банк" өкілдері іріктеуден өткеннен кейін салымшыларға не істеу керегін түсіндірді.

    "10 сәуірден 16 мамырға дейін (қоса алғанда) сізді несиеге өтінім беруге шақырамыз. Өтінімді кез келген банк бөлімшесінде, кеңес беру орталықтарында немесе онлайн түрде бере аласыз.

    Өтінім бергеннен кейінгі келесі қадам – тұрғын үй таңдау және рәсімдеу. Көңіліңізге қонымды пәтерді табуға және рәсімдеуге несие мақұлданған күннен бастап алты ай беріледі.

    Жылжымайтын мүлікті Baspana Market платформасынан қарап, таңдайсыз", - делінген банк хабарламасында.

    Сондай-ақ Отбасы банк өкілдері бір несие аясында жөндеуге арналған қосымша қаражат алуға да болатынын еске салды.

    Одан бөлек банк тізімнен өзін таппаған салымшыларға кеңес берді.

    "Бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмысын жалғастырады. Депозитті тұрақты түрде толықтырып отырсаңыз, тағы да қатысу мүмкіндігі болады", - дейді банк өкілдері.

    "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.