jitsu gif
Қаржы

    Елімізде ипотека мөлшерлемесі 20 пайызға дейін төмендетіледі

    Баспана
    Баспана алу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    16 маусымнан бастап Қазақстанда ипотеканың шекті пайыздық мөлшерлемесі 20 пайызға дейін төмендейді, деп хабарлайды 24KZ.

    Телеарнаның хабарлауынша, бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы негіз болған.

    Оған сай банктер ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауға тиіс. Шекті мөлшерлеме жаңа ипотекалық келісімдер мен қайта қаржыландырылған қолданыстағы шарттарға қолданылады.

    Бұған дейін ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін баратын. Мамандар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне пайыз ғана емес, комиссия, сақтандыру және өзге де төлемдер кіретінін ескертті.

    Бұл ретте телеарна тілшісіне Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінінің Сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Олжас Рамазанов пікір білдірді.

    "Егер сыйақы мөлшерлемесінің белгіленген шекті көлемі бұзылса, тұтынушы өз құқығын қорғау мақсатында реттеуші органға, агенттікке жүгіне алады. Реттеуші нұсқамасына сәйкес, банк қарыз шартын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге міндетті. Егер банк реттеушінің нұсқамасын орындамаса, қадағалау шаралары қолданылып, айыппұл салуға дейінгі санкциялар қарастырылған. Сонымен қатар егер мұндай жағдай бола қалса, жасалған қарыз шарты жарамсыз деп танылуы мүмкін", - дейді Олжас Рамазанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.