jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Елеулі прогресс: S&P Global Ratings Freedom Bank болжамын "тұрақтыдан" "позитивтіге" өзгертті

    Freedom Bank болжамы "тұрақтыдан" "позитивтіге" өзгерді
    Freedom Bank болжамы "тұрақтыдан" "позитивтіге" өзгерді. Фото: Freedom Bank

    "Фридом Банк Қазақстан" АҚ дамудың жаңа сатысына бет алды. S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі банк бойынша болжамды "тұрақтыдан" "позитивтіге" дейін қайта қарап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді "B+/B" деңгейінде растады. Одан бөлек банк рейтингтері ұлттық шкала бойынша "kzBBB"-ден "kzBBB+"-ге дейін жақсарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Болжамның "тұрақтыдан" "позитивтіге" қайта қаралуы агенттіктің банктің тәуекелдер мен сәйкестікті басқарудың орталықтандырылған жүйесін құруда, осы функцияларды нығайтуда компаниялар тобының айтарлықтай ілгерілеуі туралы пікірін көрсетеді. Ал бұл, компаниялар тобының тұрақтылығын арттырады, дейді сарапшылар.

    "Рейтингтер бойынша "позитивті" болжам тәуекелдерді басқару мен сәйкестіктің жалпы жүйесін құрудағы, сондай-ақ осы функцияларды қаржылық еншілес компаниялар деңгейінде нығайтудағы елеулі прогресті көрсетеді", - делінген S&P Global Ratings есебінде.

    Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың пікірінше, банк бойынша "позитивті" болжамды қайта қарау - банктің тұрақтылығы мен орнықты дамуының, сондай-ақ таңдалған стратегияның тиімділігінің айқын дәлелі болып отыр.

    "Банктің барлық командасының жүйелі жұмысының арқасында біз өз капиталымызды 198,5 млрд теңгеге дейін, ал жиынтық активтерді - 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берген инновациялық қаржылық шешімдерді енгізе отырып, нарықты дәйекті түрде өзгертеміз. Freedom холдингі экожүйесінің негізгі элементі ретінде біз еншілес компаниялардың сервистерін Freedom SuperApp мобильдік қосымшасына біріктіруді жалғастырамыз, оны қазірдің өзінде 2,3 млн қазақстандық пайдаланады. Бүгінде банк қазақстандықтарға өз қаржысын тиімді басқарып қана қоймай, саналы жинақ әдеттерін қалыптастыруға көмектесетін заманауи құралдарды ұсынады. Біз шағын, орта және ірі бизнесті белсенді қолдаймыз, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде 400 млрд теңге сомасына ондаған кәсіпорын қаржыландырылды. S&P болжамын жақсарту бізді одан да сенімділік пен амбициямен алға жылжуға итермелейді", - дейді ол.

    Агенттік Freedom тобының еншілес компанияларының рейтингтерін жоғарылатуды келесі 12 ай ішінде қарастыруы мүмкін. Бұл үшін топ тәуекелдерді басқару және сәйкестік функцияларын нығайтуды жалғастырып, бағалы қағаздар портфеліне және клиенттік операцияларды кеңейтуге қатысты тәуекелге деген тәбетін осы деңгейде сақтауы қажет. Одан бөлек капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (RAC) 10 пайыздан жоғары деңгейде қалып, мақсатты өсу стратегиясын ұстанған күннің өзінде кірістілік қалпына келуге тиіс.

    Айта кетсек, "Фридом Банк Қазақстан" АҚ - жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық Банкі.

    Банктың ипотекалық кредит, автокредит және бизнес кредитін алу қызметтері цифрландырған. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы INVEST CARD инвестор картасын және басқа да бірқатар цифрлық картаны шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздар саудасын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp холдингінің бөлігі болып саналады. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.

    *25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

    **PR құқығында

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.