Қазақстанда ипотека мен тұтынушылық несие мөлшерлемесі өзгереді
Опубликовано:
Читать на русском
Мәдина Әбілқасымова мәжіліс отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотекалық және тұтынушылық несие мөлшерлемесін қайта қарауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Былтыр заңды қабылдағаннан кейін тұтынушылық несие бойынша барлық мөлшерлемені 56 пайыздан 46 пайызға, ал ипотека бойынша мөлшерлемені 30 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеттік. Кепілсіз несиеге келсек, оны 45 пайызға дейін төмендеттік.
Биыл біз ипотека мөлшерлемесін 20 пайызға дейін төмендеттік, бірақ қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді, сондықтан бірқатар банк ипотекалық несие беруді тоқтатты.
Біз 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін мөлшерлемені 20 пайызға дейін төмендетуге қатысты норманы кейінге қалдырдық. Сол уақытқа дейін біз Ұлттық банкпен бірлесіп бастапқы мөлшерлемеге байланысты жаңа әдістеме әзірлейміз. Мөлшерлеме бекітіледі", - деп атап өтті агенттік басшысы.
Тұтынушылық несиелерге келер болсақ, онда да дәл осындай жұмыстар атқарылады деп күтілуде.
"Нарықтағы орташа мөлшерлеме 35-36 пайыз. Бұл деңгейге дейін жаңа әдістеме әзірленеді деп ойлаймыз, бәсекелестікті есепке алсақ, төмендеуі керек", - деп түйіндеді сөзін Мәдина Әбілқасымова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2305380-qazaqstanda-ipoteka-men-tutynushylyq-nesie-molsherlemesi-ozgeredi/