jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда тағы бір жеңілдетілген ипотека іске қосылмақ: ол кімге арналған

    Салынып жатқан үй және ақша
    Салынып жатқан үй және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілді. Оның аясында жеңілдетілген жаңа ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжат Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиясын айқындайды, сондай-ақ индустрияландыру және цифрлық экономиканы дамыту барысында қажеттілігі бірнеше есе арта түсетін базалық қуаттардың тапшылығын жоюға бағытталған.

    "Ұлттық жобада 7,8 ГВт қуат көзін енгізу және жаңарту қарастырылған. Сегіз жаңа энергия өндіру көзін салу жоспарланған, оның ішінде Екібастұз (2 640 МВт), Курчатов (700 МВт) және Жезқазғандағы (500 МВт) ірі нысандар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемендегі заманауи ЖЭО-лар бар.

    Сонымен қатар Ақсу ГРЭС, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергия торабын қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған 11 стансаны терең жаңғырту басталады. Бұл жұмыстар саладағы негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 2030 жылға дейін 12,6 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    Жобаларды жүзеге асыру бюджеттен тыс қаражатқа, яғни инвестициялар тарту жолымен орындалады. Инвестициялардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңгеден астам.

    Ұлттық жобада экологияға және "таза көмір" технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. Енді жаңадан салынатын құрылыстар тек қана заманауи технологиялық шешімдерді қолдана отырып жүргізіледі.

    Сонымен қатар жобаның әлеуметтік блогы кадрлық өткір проблемаларды шешуге бағытталған.

    "Жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде 4,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын ашу қарастырылған және ауқымды әлеуметтік қолдауды іске қосу көзделіп отыр. "Отбасы банкімен" бірлесіп көмір электрстансаларының қызметкерлері үшін жеңілдікті ипотека енгізіледі. Одан бөлек салалық жоғары оқу орындарының базасында мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру жоспарланған", - делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, жоба жаңарған энергия жүйесінің тұрақты жұмысын жолға қою мақсатында өндіруші және көлік салаларымен үйлестірілген. 2030 жылға қарай энергетикалық мақсаттағы көмірге қосымша сұраныс жылына шамамен 20 млн тонна болмақ. Ол үшін ұлттық жоба ашық вагондар паркін кеңейтуді (тәулігіне қосымша 600 бірлік), теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды және ішкі қажеттіліктер үшін отын тасымалдаудың болжамды тарифтік дәліздерін енгізуді көздейді.

    Қазақстанда тағы бір жеңілдетілген ипотека іске қосылмақ: ол кімге арналған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.