jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

    Дубайдағы Abu Dhabi Commercial Bank ғимараты
    Дубайдағы Abu Dhabi Commercial Bank ғимараты. Иллюстрациялық фото: winhorse/Getty Images

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке Қазақстан Республикасында еншілес банк ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, ADCB – Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі.

    Банктің негізгі акционері – толығымен Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company PJSC инвестициялық компаниясы.

    Банк жоғары халықаралық кредиттік рейтингтерге ие (Fitch Ratings шкаласы бойынша A+/F1/Stable).

    2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ADCB жиынтық активтері – 210 млрд АҚШ долларынан, меншікті капиталы – 24 млрд АҚШ долларынан, жыл қорытындысы бойынша таза пайда 3 млрд АҚШ долларынан асады.

    "Қаржылық көрсеткіштер банктің жоғары қаржылық орнықтылығын және еншілес банкке ұзақ мерзімді қолдау көрсету қабілетін көрсетеді", - делінген хабарламада.

    Еншілес банкке қатысты ADCB жалғыз акционер болады. Бас банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыруды, стратегиялық басқаруды және қаржылық және операциялық қолдауды қамтамасыз етеді.

    Жаңа банк банктік қызметтердің толық ауқымын ұсынуды, сондай-ақ "ислам терезесі" тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр, бұл өнім желісін кеңейтеді және нарықта баламалы қаржы құралдарының қолжетімділігін арттырады.

    Банкке әмбебап банк лицензиясы ішкі инфрақұрылым құрылғаннан кейін және банк қызметін іске қосу бойынша барлық дайындық жұмысы жүргізілгеннен кейін берілмек.

    Қазіргі уақыттта банк акционерлік қоғамының еншілес банкін ашу және еншілес ұйымды құру туралы рұқсат алған. Сондай-ақ ашылатын банкке қатысты банк холдингі мәртебесін алуға келісім берілген.

    "Жаңа банктің ашылуы Қазақстан Республикасының банк секторындағы бәсекелестікті дамытуға, бизнес пен халық үшін қаржылық қызметтер аясын кеңейтуге және халықаралық банк капиталын тартуға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.