jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    ForteBank Euromoney басылымының Best Private Bank Kazakhstan 2026 марапатын иеленді

    ForteBank получил награду Euromoney
    Фото: ForteBank

    Танымал Euromoney журналы FortePremier қызметіне Қазақстандағы Best Private Bank атағын берді. Бұл марапат FortePremier сегментінің private банкингтегі көшбасшылығын дәлелдейді.

    Нәтижеге негізделген мәртебе

    Соңғы үш жылда FortePremier Қазақстандағы private banking стандарттарын жүйелі түрде жаңғыртып келеді. Банк кәсіпкерлер, бизнес иелері мен қоғамда танымал тұлғаларға арналған қызмет көрсетудің тұтас моделін қалыптастырды. Ол жеке қаржылық сүйемелдеу, инвестициялық кеңес беру, брокерлік және портфельдік шешімдер, сондай‑ақ салық бойынша консалтингті біріктіре отырып, клиенттерге бірыңғай премиум деңгейдегі қызмет тәжірибесін ұсынады.

    "Euromoney марапаты – біздің клиенттерге ұсынатын құндылықтарды растайды. Үш жыл қатарынан халықаралық деңгейде үздік атану – біздің дұрыс бағытта екеніміздің дәлелі. Біз қызметті клиенттердің нақты қажеттіліктері мен күткен нәтижелеріне бейімдейміз, мықты сараптамаға және әр клиентке деген шынайы қамқорлыққа сүйенеміз. Біздің мақсатымыз – жоғары стандарттарға сай болу ғана емес, еліміздегі премиум сервистің жаңа деңгейін қалыптастыру. Бұл жерде сапа, жеке қызмет және сенім ұзақ мерзімді әріптестіктің өзегіне айналады", - дейді басқарушы директор, Chief Premier Banking Officer Замира Сундетова.

    FortePremier‑ді халықаралық деңгейде мойындау – Банктің мықты қаржылық нәтижелерінің, стратегияны жүйелі орындаудың және wealth management сегментіндегі позицияны тұрақты нығайтудың нақты көрінісі.

    Euromoney сарапшылары FortePremier-дің басқарудағы активтерінің сенімді өсімін, жоғары табыс пен клиенттік базасының тұрақты кеңеюін ерекше атап өтті. Осы факторлар яғни advisory-дің жан-жақты сараптамасы мен ауқатты клиенттердің сенімі FortePremier-ді халықаралық деңгейде мойындауға негіз болды.

    Euromoney сыйлығы туралы

    Euromoney – жаһандық қаржы индустриясындағы ең беделді сараптамалық басылымдардың бірі. Awards for Excellence жыл сайынғы марапаты банктердің қаржылық көрсеткіштерін, клиенттерге қызмет көрсету сапасын, өнімдердің жаңашылдығын және стратегиялық даму деңгейін терең талдау негізінде беріледі. Best Private Bank атағын иелену – банктің жеке капиталды басқаруда сенімді әрі кәсіби әріптес екенін айғақтайтын кешенді халықаралық баға.

    *PR құқығында

    *ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 ж. "ForteBank" АҚ-ға берген N°1.2.29/197/36 лицензиясы

    ForteBank Euromoney басылымының Best Private Bank Kazakhstan 2026 марапатын иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.