jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы: "Отбасы банк" 16 мың қазақстандыққа жағымды жаңалықты жария етті

    Баспана
    Баспана. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Бүгін, 6 сәуірде "Наурыз-2026" ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Отбасы" банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Отбасы банктің" мәліметінше, бүгін банктің 16 мың салымшысы көптен күткен жаңалықты естіген. Олар "Наурыз 2026" бағдарламасына қатысушылардың тізіміне енген.

    Жалпы 26 822 өтініш қабылданған.

    Енді "Наурыз 2026" бағдарламасына қатысушылар тізіміне енген қазақстандықтар 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында (қоса алғанда) "Отбасы банкке" несие бойынша өтінім беруі қажет.

    Егер олардың несиесі мақұлданса, 6 ай ішінде өздеріне баспана тауып, сатып алу мүмкіндігі беріледі.

    "Наурыз" бағдарламасының қатысушылары – еліміздің жастары. Олардың орташа жасы – 32. Көбінің тұрақты табысы бар, алайда баспана мәселесі әлі шешілмеген. Қатысушылардың басым бөлігі – отбасылы, балалары бар азаматтар. Мысалы, шамамен 16 000 қатысушының 9 296-сының баласы бар, ал 7 569-ы некеде тұр.

    Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларының жартысынан көбі, яғни 8 690 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың ішінде 2 689 азамат халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Қазіргі таңда олардың шоттарында кемінде 2 млн теңге жинақталған. "Наурыз" бағдарламасы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен несие алып, өз баспанасын сатып ала алады", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ "Отбасы банк" "Наурыз" бағдарламасының шарттарын тағы да еске салды.

    • Бастапқы жарна – 20 пайыздан бастап;
    • несие мөлшерлемесі:
    • 7 пайыз (ЖТСМ 7,3 пайыз-8,9 пайыз) – әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін;
    • 9 пайыз (ЖТСМ 9,3 пайыз-11,8 пайыз) – барлық басқа азаматтар үшін;
    • несие мерзімі – 19 жылға дейін.

    Бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйді де сатып алуға болады.

    Несие сомасының ең жоғары мөлшері:

    • Алматы мен Астанада – 36 млн теңгеге дейін;
    • басқа өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін.
    "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы: "Отбасы банк" 16 мың қазақстандыққа жағымды жаңалықты жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.